«Қарасу ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджетi туралы» мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарасу ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджетi туралы» мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Қарасу ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджетi туралы» мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешіміне өзгерістер енгізілсін (2006 жылғы 6 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 3530, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 10 ақпандағы № 3), бұрын «Қарасу ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихатының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 150 шешімімен (мемлекеттік тіркеу нөмірі № 3536, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 3 наурыздағы № 6) шешiмiне өзгерiстер енгiзiлді. Көрсетiлген шешімінің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2006 жылға арналған аудандық бюджетi 1 қосымшаға сәйкес мыналар бойынша бекітілсін: 1) кірістер – 765352 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсімдер – 259079 мың теңге; алынған ресми трансфертер – 496777 мың теңге, оның iшiнде ағымдағы облыстық бюджеттен субвенциялар – 367539 мың теңге; 2) шығындар – 701986 мың теңге; 3) операциялық сальдо – 63366 мың теңге; 4) жергілікті атқару органының борышын өтеуге бағытталған бюджет профициті – 63366 мың теңге; 5) профицитті пайдалану – 63570 мың теңге. Көрсетілген шешімге қосымша осы шешімінің қосымшасына сәйкес жана редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Қарасу ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу сәттен бастап күшіне енеді. Келісілді: «Қарасу ауданы бойынша салық комитеті» мемлекеттік мекемесінің төрағасы ___________Ғ. Шоқметов «Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы ___________Л. Евсюкова
Басқа 3