Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 10 сәуірдегі кезекті XXVIII сессиясының №287 «Аудандық салық комитетінің ұсыныстарын бекіту туралы» шешіміміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 10 сәуірдегі кезекті XXVIII сессиясының №287 «Аудандық салық комитетінің ұсыныстарын бекіту туралы» шешіміміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын, ҚР «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 Заңының 43-1 бабының 1-тармағын , Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №220 Заңымен енгізілген өзгерістерді Басшылыққа ала отырып және қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында аудандық Мәслихат ШЕШЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 10 сәуірдегі кезекті XXVIII сессиясының №287 «Аудандық салық комитетінің ұсыныстарын бекіту туралы» шешіміміне (Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу № 10-8-44 санды нөмірмен 24.04.2007 жылы тіркеліп, «Тіршілік тынысы» газетінің 05.05.2007 жылғы №39 шығарылымында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Аталған шешімнің №3 қосымшасы осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 26 қаңтардағы кезектен тыс IV сессиясының №52 шешімімен бекітілген №1 қосымша Сырдария ауданы бойынша кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгері үшін салық салу обьектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының МӨЛШЕРІ № Тіркелген жиынтық салығының салық салу обьектісі Тіркелген жиынтық салығының Жылдық көлемінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш - АЕК) 1 алынып тасталды 2 алынып тасталды 3 алынып тасталды 4 алынып тасталды 5 алынып тасталды 6 алынып тасталды 2. Ақшалай ұтыссыз ойын автоматтарымен қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін: 7 Бір ойыншымен жүргізілетін ақшалай ұтыссыз ойын автоматына Бір ойын автоматына 10 8 Бірнеше ойыншымен жүргізілетін ақшалай ұтыссыз ойын автоматына Бір ойын автоматына 15 9 Дербес компьютерда жүргізілетін ойындар Бір дербес компьютерға 10 З. Боулинг (кегельбан) бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін: 10 Ойын жолы Бір ойын жолы 55 4. Картинг бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін: 11 Карт Бір картқа 25 5. Бильярд бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін: 12. Бильярд үстелі Бильярд үстеліне 30 б. Лото ойынын үйымдастыру салық төлеушілер үшін: 13. Лото ұйымдастырушы Бір лотоны ұйымдастырушыға 80