Мұнайлы аудандық мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемді тағайындау және көрсету туралы" 2007 жылғы 11 қазандағы № 2/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗМұнайлы аудандық мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемді тағайындау және көрсету туралы" 2007 жылғы 11 қазандағы № 2/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Мұнайлы аудандық мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемді тағайындау және көрсету туралы" 2007 жылғы 11 қазандағы № 2/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Мұнайлы аудандық мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемді тағайындау және көрсету туралы" 2007 жылғы 11 қазандағы № 2/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/52
- Қабылданған күні
- 20.02.2008
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2010 · қолданыстағы 39277_175685.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08MG002006
- ЭКБ идентификаторы
- 39277
- Редакция идентификаторы
- 39277_175685
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:58
0 Мұнайлы аудандық мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемді тағайындау және көрсету туралы" 2007 жылғы 11 қазандағы № 2/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне,Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы ", Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі " Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы " және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі " Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы " Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ :
1 1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 11 қазандағы № 2/25 шешіміне, (№ 1985 тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2007 жылғы 29 қарашадағы № 198-199 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген 1-ші қосымша кестесінің 4-ші реттік нөмірінің 1-ші бағаны мынадай редакциямен: Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне (9 мамыр);
2-ші бағаны мынадай редакциямен: Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен, медальдерімен марапатталған тұлғалар; 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде 6 ай тылда жасаған жұмысы туралы мұрағаттан анықтамасы немесе еңбек кітапшасында жазбасы бар тыл еңбеккерлеріне; Ұлы Отан соғысында қаза болған,өлген,хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлері; Ленинград қоршауының тұрғындары; Фашистік концлагерлер тұтқындары; Ауған соғысының мүгедектері; Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер; Ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлердің отбасы; ЧАЭС мүгедектері; ЧАЭС мүгедектеріне теңестірілгендер; ЧАЭС зардабын жоюға қатысушылар сөздерімен толықтырылсын.
2 2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығы
Ж.Тұманбаева
"_20_" _ақпан_ 2008 жыл