Ақжайық ауданы мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 «Ақжайық аудан аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ҚАЗАқжайық ауданы мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 «Ақжайық аудан аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ақжайық ауданы мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 «Ақжайық аудан аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауданы мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 «Ақжайық аудан аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8-2
- Қабылданған күні
- 22.10.2008
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2008 · қолданыстағы 42289_315583.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZB000061
- ЭКБ идентификаторы
- 42289
- Редакция идентификаторы
- 42289_315583
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:43
0 Ақжайық ауданы мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 «Ақжайық аудан аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың «Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-2-40 тіркелген 2007 жылғы 12 мамырдағы «Жайық таңы» газетінде жарияланған ), аудандық мәслихаттың шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта «Ережесін», «Ережесі» деген сөздер «Қағидасын», «Қағида» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.»;
көрсетілген шешімімен бекітілген Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау ережесінде:
«Ережесі», «Ереже», «Ережедегі», «Ережесін», «Ережелердің» деген сөздер «Қағидасы», «Қағида», «Қағидағы», «Қағидасын», «Қағиданың» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау ҚАҒИДАСЫ
Аудандық Мәслихаттың
2008 жылғы 22 қазандағы
кезектен тыс VII сессиясының
№ 8-2 шешімімен бекітілген
Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау ҚАҒИДАСЫ
1 1. Жалпы қағидалар
1 1. Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387-бабы негізінде әзірленді.
2 2. Елді мекендерде сұйық және қатты өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жинау, оларды белгіленген орындарға шығару, залалсыздандыру жұмыстарының тиімді жүйемен ұйымдастырылып, олардағы тазалық және көріктендіру іс-қимылдары осы Қағида талаптарының негізінде жүзеге асырылады.
3
3. Осы қағида елді мекендерде санитарлық тазалау жүйесін-(соның ішінде тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардан, сауда, қоғамдық тамақтандыру, мәдени - тұрмыстық объектілерден шығарылатын тағам қалдықтарынан) қалдықтар мен қоқыстардан тазарту, жиналған қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару және оларды залалсыздандыру жұмыстарын қамтиды.
2 2. Осы Қағидағы негізгі ұғымдар мен түсініктер.
4 4. Жалпы пайдалану орындары-демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар) алаңдар, және т.б.
5 5. Аумақты тазарту - аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздықтарды жинау, шығару.
6 6. Іске асыру сипатындағы құрылғылар-демалу орындары, дүнгіршектер, сауда арбалары, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары және басқалар.
7 7. Қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрі -К.Т.Қ.) - тұтынудың ұсақ тұрмыстық қалдықтары.
8 8. Пәтер иелері-ғимараттар мен орын жайлардың иелері; жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.
3 3. Жалпы талаптар.
9 9. Тұрғын үйлер, мекемелер мен ұйымдардың әкімшілік үйлері, түрлі кәсіпорындар ғимараттары мен оларға бекітілген жерлер, көшелер, саяжайлар мен қоғамдық пайдаланудағы алаңдар, демалыс орындары, көп қабаты үйлердің айналалары мен дәліздері - тазалық объектілері болып саналады.
10
10. Үйлердің маңайына қоқыстар мен қалдықтарға арналған қақпақты су кірмейтін контейнерлер орнатылады немесе ол мүмкін болмаған жағдайларда шұңқырлар қазылып, олардың ауыздары жабылып бекітіледі. Қоқыстар мен қалдықтар жинауға арналған ыдыстар мүмкіндігіне қарай оларды белгіленген жерлерге шығаратын автокөліктердің кіріп-шығуына ыңғайлы жерлерге орналастырылады.