Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 12 наурыздағы «Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» № 54 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 12 наурыздағы «Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» № 54 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 3,13,14 тармақшаларын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5,7 баптарын басшылыққа ала отырып аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 12 наурыздағы №54 қаулысына (мемлекеттік тіркеу №4-6-50 «Дендер» №17 (7596) газетінде 2007 жылғы 28 сәуірінде жарияланған) төмендегідей толықтыру енгізілсін:
Тармақ 2
2. Көрсетілетін қаулымен бекітілген халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесінде:
2-тармақтағы нысаналы топтарға жататындар тізбесі мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Бас бостандығынан айыру және мәжбүрленіп емдеу орнынан босатылған адамдар»
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Д.Меңдігереевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Басқа 5
Аудан әкімиятының 2007 жылғы
«26» қараша №267 қаулысымен
бекітілген
Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың Ережесі
Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесі (бұдан әрі-Ереже) «Халықты жұмыспен қамту туралы», Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қазандағы №84-III Заңына, «Қазақстан Респбуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау мақсатында әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер:
1. Жалпы ережелер:
Тармақ 1
1. Ереже жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелген, нысаналы топтарға жататын жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландырудың тәртібін айқындайды, меншік нысанына қарамастан, нысаналы топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) есеп айырысудың негізгі шарттары мен жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде пайдаланатын негізгі ұғымдар:
1. Әлеуметтік жұмыс орны-жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны.
2. Нысаналы топтар-жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген адамдар топтары.
Нысаналы топтарға жататындар:
Тармақша 1
1) Табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуына екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) Мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) Оралмандар.
Тармақша 10
10) Бас бостандығынан айыру және мәжбүрленіп емдеу орнынан босатылған адамдар.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті орган аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру туралы Заңнамалары таралады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және жұмысқа орналастырудың тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және жұмысқа орналастырудың тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде атқарады. Шартта талаптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады.
Тармақ 7
7. Жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында аудандық әкімият нысаналы топтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын ұйымдардың тізбесін айқындайды.
Тармақ 9
9. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздар жұмыссыздардың есебінен шығарылады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мерзімі, жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған адамның арасында жасалатын жеке еңбек шартында белгіленеді, алайда ол 6 айдан аспауы тиіс.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстары жергілікті бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған Республикалық бюджеті туралы Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінде өтеледі. Жұмыс беруші орындалатын жұмыстың сипаты мен күрделілігіне қарай әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған адамның жалақысының белгіленген ең төменгі жалақыдан артық өз қаражатына үстемақы төлеуге құқылы.
Тармақ 12
12. Аудандық жұмысты қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушілердің есеп айырысу шотына бюджет қаражаты есебінен аударылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Жұмыс беруші ай сайын жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес орындалатын жұмыстың санына, сапасы мен күрделілігіне қарай нақты орындалған жұмыс көлемі үшін әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеуді жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне бақылау
Тармақ 14
14. Жергілікті округ әкімдері мен атқарушы органдар Заңнамамен белгіленген тәртіпте ұйымдастыру ережесінің сақталуын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.