Аудан әкімиятының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 71 «Мақаш ауылдық Округіндегі «Мақаш базасы» аумағында құтыру ауруына шектеу іс шараларын жариялау туралы» (нормативтік құқықтық акті 2007 жылғы 28 мамырында мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4-8-81 енгізілген,аудандық «Серпер» үнжариясының № 23. 09.06.2007 жылғы баспасөз бетінде ресми жарияланған) қаулысымен бекітілген шектеу іс-шараларын тоқтату туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімиятының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 71 «Мақаш ауылдық Округіндегі «Мақаш базасы» аумағында құтыру ауруына шектеу іс шараларын жариялау туралы» (нормативтік құқықтық акті 2007 жылғы 28 мамырында мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4-8-81 енгізілген, аудандық «Серпер» үнжариясының № 23. 09.06.2007 жылғы баспасөз бетінде ресми жарияланған) қаулысымен бекітілген шектеу іс-шараларын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағы 10 тармақшасын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министірлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының 2007 жылғы 26 қыркүйектегі №6 ұсынысы негізінде,аудан әкімиятының ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімиятының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 171 «Мақаш ауылдық округіндегі «Мақаш базасы» аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы» қаулысымен құтыру ауруына қарсы жарияланған шектеу іс-шаралар орындалуына байланысты, аурудың шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің,Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиев, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ө.Сарбасов, аудандық аурухананың бас дәрігері А.Жанкулов,Мақаш ауылдық округінің әкімі Қ.Нұрлыбаев шектеу іс-шара жоспарындағы көрсетілген жұмыстардың орындалысын аудан әкімиятына баяндауға ұсынылсын.