Қолданыстағы ред. 21.08.2007

Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 15 наурыздағы №74 (мемлекеттік тіркеу №7-6-44) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 21.08.2007 г. № 243 (Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 15 наурыздағы №74 (мемлекеттік тіркеу №7-6-44) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 15 наурыздағы №74 (мемлекеттік тіркеу №7-6-44) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 15 наурыздағы «2007 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №74 қаулысына (Жәнібек ауданының Әділет басқармасында 2007 жылы 4 сәуірде мемлекеттік тіркеу №7-6-44 болып тіркелген, Жәнібек аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси» газетінде 2007 жылы 13 сәуірдегі №17 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1. Қаулының 2 тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясы №1 қосымшаға және 2007 жылы күзге мерзімді азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.»

2

2. Қаулының №1 қосымшасында комиссия мүшесінің «аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің дәрігері» деген сөйлемнен кейін «медициналық комиссияның төрағасы» деген сөздермен толықтырылсын.

3

3. Бұл қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
Келісілді:
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы Н.Ө.Кенжеғалиев
Келісілді:
Мемлекеттік коммуналдық
«Жолаушы» кәсіпорнының бастығы Қ.Қ. Қапаев
Келісілді:
«Жәнібек аудандық ауруханасы»
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық
Кәсіпорнының директоры Т.Қ.Мұсағалиев
Келісілді:
Аудандық ішкі істер бөлімінің
Бастығы Н.М.Наурзалиев

4. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясының құрамы

Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 15 наурыздағы
«2007 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан
Айларында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды мерзімді
Әскери қызметке шақыру туралы» №74 қаулысына №1 қосымша
Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру
комиссиясының құрамы
Кенжеғалиев Нұрболат Өтепұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Өтешев Тимур Ерденбекұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Төлеуов Берік Төлепұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Өтегенов Амангелді Бұхарұлы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің дәрігер, медициналық комиссияның төрағасы;
Шүкенова Бәлия Сағынғалиқызы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы.
Төлешев Дулат Нәсіпқалиұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары;
Қарашин Рүстем Серікұлы - Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі.
Дауова Мәнсия Нариманқызы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің дәрігері;
Қуанышқалиев Еркін
Сабидоллұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Қойбағарова Күләш - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы.

5. 2007 жылы күзгі мерзімді азаматтарды әскери қызметке шақыру өткізу кестесі

Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 15 наурыздағы
«2007 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан
Айларында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды
Мерзімді әскери қызметке шақыру туралы»
№74 қаулысына №2 қосымша
2007 жылы күзгі мерзімді азаматтарды әскери қызметке шақыру өткізу кестесі
Р/с
Ауылдық округтерінің атауы
Шақырушылардың саны
Қазан
01.10
02.10
03.10
04.10
05.10
1
Ақоба а/о
10
2
Борсы а/о
14
3
Жақсыбай а/о
22
4
Қамысты а/о
15
5
Күйгенкөл а/о
11
6
Тау а/о
15
7
Талов а/о
18
8
Ұзынкөл а/о
11
9
Жәнібек а/о
104
Барлығы
220
50
50
37
46
37
Ескерту: Аудандық шақыру комиссиясы 1 қазаннан 30 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. Шақырушыларды медициналық тексеруден өткізу 1 қазаннан 6 қазанға дейін аудандық шақыру пунктінде жүргізіледі, түрлі себептермен шақыру комиссиясына кешігіп келген шақырушыларды медициналық тексеруден өткізу аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің ғимаратында өткізіледі.