Қолданыстағы ред. 25.12.2007

Аудандық мәслихаттың «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үй ұстағанынан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы » 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 249-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 25.12.2007 г. № 29-IV (Аудандық мәслихаттың «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үй ұстағанынан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы » 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 249-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Аудандық мәслихаттың «Аз қамтылған отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үй
ұстағанынан басқа) және коммуналдық қызметтерді
пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін
көрсету тәртібі туралы » 2007 жылғы 16 сәуірдегі №249-ІІІ
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ Заңының 6 бабын басшылыққа алып, 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 97 бабы негізінде аудандық әкімияттың 2007 жылғы 26 қарашадағы №208 қаулысын қарай келіп, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық мәслихаттың (2007 жылғы 16 сәуірдегі аудандық мәслихаттың кезекті ХХҮІІІ сессиясының №249-ІІІ санды шешімі мемлекеттік тіркеу тізіліміне №4-4-69 санымен 25мамыр 2007 жылы тіркелген, аудандық «Нарын таңы» газетінің 2007 жылғы 9 маусымдағы № 23 санында жарияланды) «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үй ұстағанынан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы» 2007 жылғы 16 сәуірдегі №249-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1) тағайындау тәртібі (2 бөлім) мен отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу тәртібі (3 бөлім) өзгертілсін;

2

2) қосымша жаңа редакцияда жазылсын (жалғанды).

2

2. 2007 жылғы 16 сәуірдегі №249-ІІІ шешімінің тағайындау тәртібі (2 бөлім) мен отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу тәртібінің (3бөлім) күші жойылсын;

3

3. Шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өтіп, алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

6

Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 25 желтоқсандағы
№29 шешіміне қосымша
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үй ұстағанынан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету Тәртібі.

1. 1. Жалпы ережелер.

1. Жалпы ережелер.

1

1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 16 қарашасындағы №477-1 «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстағаны және коммуналдық қызметтердің пайдалағаны үшін төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету (бұдан әрі-тұрғын үй көмегі) тәртібі белгілейді.

2

2. Тұрғын үй көмегінің негізгі функциясы халықтың аз қамтылған бөлігіне заңмен белгіленген әлеуметтік көмектің басқа түрлерімен қатар уақытша қаржылық қолдау көрсету болып табылады.

2. 2. Тағайындау тәртібі.

2. Тағайындау тәртібі.

3

3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджетке осы мақсатқа қаралған қаражаттар шегінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы тағайындалады.

4

4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін арыз беруші тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды тіркеп, арыз береді:

1

1) Отбасы құрамы туралы мәлімет;

2

2) Пайдаланып отырған тұрған үйдің жалпы көмелін растайтын құжат;

3

3) Қызмет көрсетуші мекемелерден алынған тұрған үйді ұстау және коммуналдық қызметтер шығындарының есептелген сомалары жөнінде анықтамалар;

4

4) Отбасының жиынтық табысы жөніндегі мәлімет;

5

5) Жеке меншігінде тұрған үйі (үй, пәтер) бар екендігін растайтын құжат;

6

6) Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама.
Арыз беруші қолданыстағызаңдарға сәйкес тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауап береді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қате мәліметтер беру салдарынан тұрғын үй жәрдемақы артық немесе заңсыз тағайындалған жағдайда үйді жалға алушы (меншік иесі) заңсыздықтар анықталған тоқсаннан төрт тоқсан бойы тұрғын үй жәрдамқысын алу құқығын айырылады, ал тұрғын үй жәрдемақысы ретінде заңсыз алынған сомалар қайтарылуға жатады.

5

5. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын жеке меншік үй иесі немесе үйді жалға алушы (жалгер) болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетіледі.

6

6. Барлық қажетті құжаттармен бірге тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз түскеннен бастап 5 күн мерзім ішінде қаралады.

7

7. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартылған жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту себебі көрсетілген шешімінің көшірмесін қосып барлық құжаттарды арыз берушіге қайтарады.

8

8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындалған тұрғын үй көмегінің дұрыстығына жауап береді.

9

9. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тоқсан ішінде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй көлемінің нормасы және тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының нормативтері шегіндегі, бірақ нақты пайдаланып отырған жалпы көлемнен және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну (сумен, газбен, электрмен жылуменқамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару т.б) шығындарды нормативтерінен артық емес тоқсандағы шығындары отбасының сол тоқсандағы осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі рауалы үлесі отбасының жиынтық табысының 11 пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленеді.
Көмек мөлшері үй иесінің (жалға алушының) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегіндегі тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты (немесе есептелген) төлемі мен отбасының осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі рауалы шығындар деңгейінен айырмасы ретінде есептеледі.

10

10. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үйді аумағының нормасы:

1

1) Бір адамға 18 шаршы метр шегінде, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер мөлшерінде, ал жалғыз тұратын азаматтар үшін 31 шаршы метр шегінде, бірақ нақты пайдаланып отырған аумақтан аспайтын болу керек.

11

11. Тұрғын үй көмегін есептегенде электр жүйесін пайдалану, қатты отын және телефон жүйесін (1айға) пайдалану мөлшерін белгілеу:

1

1) Құрамында 1 адам – 100 квт/сағ;

2

2) Құрамында 2-5 адам дейін – 300 квт/сағ;

3

3) Құрамында 5 адамнан жоғары – 400 квт/сағ аспау керек,

4

4) Қатты отын 1,0 т (тасымал шығынынан қоса есептегенде 1т-7000 теңге) көлемінде;

5

5) Аудандық телекоммуникация желісінің абонентті болып табылу фактісін растайтын құжаты.

12

12. Жеке тұрғын үйде тұратын аз қамтылған отбасы үшін айына 5 тоннадан артық емес ауыз су мөлшері белгіленеді.

13

13. Есепке алынатын тұрғын үй ұстау шығындарының мөлшері және коммуналдық қызметттермен пайдалану (сумен, газбен, электрмен жылумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару) нормалары жергілікті атқарушы органдармен белгіленеді.

14

14. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тоқсанға үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға есептелген нақты сомасынан аспауы керек.

15

15. Тұрғын үй көмегі егер осы көмекті тағайындауға барлық қажетті құжаттармен бірге арыз ағымдағы тоқсанның үшінші айының 15-не дейін тапсырылса алдыңғы тоқсанның үш айына, тоқсан басынан тағайындалады.

16

16. Жеке меншігінде біреуден артық тұрған үйі бар (пәтер,үй) немесе тұрғын үйді жалға не қосымша жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын айырылады. Егер отбасында күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асырушы немесе он екі жасқа дейінгі 2 баланы тәрбиелеумен айналысатын аналардан және өзін-өзі қамтитын санаттағылардан басқа, жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және тиісті органдарда жұмыссыз ретінде есепке тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, ондай отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқы болмайды.

17

17. Тұрғын үй көмегі арыз берушілердің жеке есеп шоттарына аудару жолдарымен төленеді.

18

18. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегін есептеу есебі жасақталып, оның бір данасы меншік иесінде (үй жалдаушысында) сақталады.

19

19. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берілген мәліметтің дұрыстығына күмәнданған жағдайда, тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің табыстары туралы мәліметті сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар сұраған мәліметтерді беруге міндетті.

20

20. Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті тұтыну шығындарының шектеулі үлесі, отбасының табысы, тұрғын үй коммуналдық қызмет тарифтері мен ставкалары өзгерсе, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бұрын тағайындалған жәрдемақыларға қайта есептеу жүргізеді. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар тұрған үй жәрдемақысының мөлшерін ненмесе алу құқығын өзгертуге негіз болатын кез келген өзгерістер (тұрғын үй меншігінің формасының, отбасы құрамының т.с.с) сондай-ақ тұрғын үй жәрдемақысы қате тағайындалған жағдайлар туралы ауадандық бөлімге 10күн ішінде хабарлауға міндетті.

21

21. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім заңнамамен белгіленген тәртіпте шағым беруге жатады.

22

22. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз барлық тіркелген құжаттарымен бірге, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім мен хаттама,немесе шешім мен көшірме алушының жеке ісіне сақталады.

3. 3. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу тәртібі.

3. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу тәртібі.

23

23. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтардың) жиынтық табысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен есептеледі.

24

24. Жиынтық табысы есептеген кезде отбасының тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдыңғы тоқсан ішінде нақты алынған ақшалай және заттай табыстарының барлық түрлері (атаулы әлеуметтік, тұрғын үй жәрдемақысы және балалар жәрдемақысынан басқа) есептеледі.

25

25. Жиынтық табыс арыз берушінің алған табыстары жөнінде берген мәліметтер негізінде есептеледі.

26

26. Отбасының жиынтық табысы отбасы құрамы туралы анықтамада көрсетілген барлық тұлғалардың тоқсан ішіндегі табыстарын қосу жолымен есептеледі.

27

27. Бір тоқсаннан артық мерзімге төленуге тиісті біржолға табыс алған жағдайда, ол алған айлар санына бөлініп үш айға көбейтілген табыс сомасы мөлшерінде жиынтық табысқа есептелед.

28

28. Шетел валютасында алынған табыстар тұрғын үй көмегін тағайындауға отбасының жиынтық табысын есептеу кезеңіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің анықтаған курсы бойынша үлттық валютаға есептеледі.

29

29. Жиынтық табысты есептеудің басқа тетіктері атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен анықталады.

30

30. Арыз беруші беріп отырған табыстар туралы мәліметтердің дұрыстығына заңнамамен белгіленген тәртіпте жауап береді.

4. 4. Қаржыландыру және төлеу тәртібі.

4. Қаржыландыру және төлеу тәртібі.

31

31. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әр айдың 5-не дейін өткен тоқсанғатағайындалған тұрғын үй көмегінің сомасын және алушылар санын анықтайды. Ай сайын тағайындалған тұрғын үй көмегінің тізімін жасап, екінші деңгейдегі банктерге жібереді.

32

32. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сұраныстары негізінде өткен тоқсанға тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы көлемін анықтап, әр айдың 10-на дейін аудандық қаржы бөліміне сұраныс береді.

33

33. Аудандық қаржы бөлімі сұраныс негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тұрғын үй көмегін төлеуге бюджетте қаралған қаржыны бөледі. Бөлім өзінің ағымдағы шотына қаржы түскеннен кейін 3 күннің ішінде екінші деңгейдегі банкілердің шотына тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы сомасын және екінші деңгейдегі банкілер мен бөлім арасындағы агенттік келісімге сәйкес комиссиялық сыйақыларды аударады.

34

34. Тұрғын үй көмегін төлеу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген алушылар тізімдері негізінде алушының жеке басын куәландыратын құжаты (төлқұжат, жеке куәлік) арқылы төленеді.

5. 5. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі.

5. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі.

35

35. Тұрғын үй көмегі бойынша есеп, бақылау жүргізу және есеп беруді жүргізу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.

36

36. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әр тоқсанның бірінші айының 10-на дейін екінші деңгейдегі банкілермен өткен тоқсанда төленген сомалар бойынша салыстыру актілерін жасайды. Салыстыру актілерінің негізінде тұрғын үй көмегіне төленген сомалар бойынша белгіленген нысанмен қаржы бөліміне есеп береді.

37

37. Тұрғын үй көмегін төлеу бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын және уақытылы төленуін қадағалауды уәкілетті органдар жүзеге асырады.

38

38. Лауазымды тұлғалардың кінәсінен немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер берген арыз берушінің кінәсінен заңсыз төленген тұрғын үй көмегі сомалары кінәлі адамдардың есебінен бюджетке қайтарылуға жатады.