2007 жылғы 18 қаңтардағы № 107 «Орал қаласы бойынша 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылғы 18 қаңтардағы № 107
«Орал қаласы бойынша 2007 жылы
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
және қаржыландыру туралы» әкімдігінің
қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 107 «Орал қаласы бойынша 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-1-60 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 8 ақпанда № 6 «Жайық үні» газетінде жарияланған) қаулысының № 1 қосымшасына келесі толықтырулар енгізілсін:
№ 55 «Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының шарушылық басқармасы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорыны, жұмыс түрі: аумақты жинау, тазалау, еңбекақысы - 9752 теңге;
№ 56 «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М. Горький атындағы Орал қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі, жұмыс түрі: аумақты жинау, тазалау, еңбекақысы – 9752 теңге;
№ 57 Батыс Қазақстан облысындағы мүгедек балалардың «Байтерек» қоғамдық бірлестігі, жұмыс түрі: аумақты жинау, тазалау, еңбекақысы – 9752 теңге;
№2 қосымшасына келесі толықтырулар енгізілсін:
№ 53 «Агрореммаш» Акционерлік қоғамының зауыт шағын ауданы пәтер иелері кооперативі, жұмыс түрі: аумақты жинау, тазалау, еңбекақысы - 8000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан – 3000 теңгеден кем емес;
№ 54 «Шаңырақ» пәтер иелері кооперативі, жұмыс түрі: аумақты жинау, тазалау, еңбекақысы - 8000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан – 3000 теңгеден кем емес.
№ 55 «Автомобилист - 2» пәтер иелері кооперативі, жұмыс түрі: аумақты жинау, тазалау, еңбекақысы - 8000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан – 3000 теңгеден кем емес.
Тармақ 2
2. Аталған қаулы 2007 жылғы 1 сәуірден күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Р.Мұқаевқа жүктелсін.