Орал қаласы әкімдігінің 2007 жылғы
18 қаңтардағы № 107 «Орал қаласы бойынша
2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
және қаржыландыру туралы» қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын әске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Орал қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 107 «Орал қаласы бойынша 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы от 12.04.2007 г. № 803 (Орал қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 107 «Орал қаласы бойынша 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы)
1. 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 107 «Орал қаласы бойынша 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-60 нөмірмен тіркелген, 2007 жылы 8 ақпанда № 6 «Жайық үні» газетінде жарияланған), қала әкімдігінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 562 «2007 жылғы 18 қаңтардағы № 107 «Орал қаласы бойынша 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7- 1 65 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 19 сәуірде № 16 «Жайық үні» газетінде жарияланған) енгізілген толықтыруларды есепке алғанда, келесі толықтырулар енгізілсін:
№1 қосымшасына:
№ 58 «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекеме.
№ 59 Батыс Қазақстан облысының «Жас Дәурен» балалар кешені. Жұмыс түрі: аумақты тазалау, еңбекақысы – 9752;
№2 қосымшасына:
№ 56 «Орнату» пәтер иелері кооперативі. Жұмыс түрі: аумақты тазалау, еңбекақысы – 8000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 3000 теңгеден кем емес;
№ 57 «Евразия» пәтер иелерінің кооперативі. Жұмыс түрі: аумақты тазалау, еңбекақысы – 8000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 3000 теңгеден кем емес;
№ 58 «УралВисма» тұтынушылар кооперативі. Жұмыс түрі: аумақты тазалау, еңбекақысы – 8000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 3000 теңгеден кем емес.
2. Аталған қаулы Әділет органдарында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Мұқаевқа жүктелсін.