Қолданыстағы ред. 09.04.2009

"Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 09.04.2009 г. № 108 ("Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы)

0

"Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 23 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-54, "Меңдіқара үні" аудандық газетінде 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 18 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-бөлімнің 9-тармағының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеуге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген көлемдерде салықтарға жұмыс берушілердің шығыстары мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі".

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.