О корректировке цен на 2007 год, представляемых органами статистики для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет Қолданыста
Басқа 0
18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстарды есептеу үшін статистика органдарымен берілген 2007 жылға арналған бағаларды түзету туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 2 тармағы 31 бабына және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, балаларға жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 30 тармағына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстарды есептеу үшін статистика органдарымен берілген 2007 жылға арналған бағаны 50% азайту жолымен түзетілсін.
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалуына үміткер өтініш берушілердің жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары М.К. Жундібаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстарды есептеу үшін статистика орғандарымен берілген 2006 жылға арналған бағаларды түзету туралы» (мемлекеттік тіркеуден өткен күні 2006 жылғы 30 мамыр, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-45, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 23 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған, 2006 жылғы 15 мамырдағы № 364) әкімдік қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң күшіне енеді.