2007 жылғы 19 ақпандағы № 10 «Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы 19 ақпандағы № 10 «Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес мұқтаж адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 10 «Аудан бойынша 2007 жылғы әлеуметтік көмектер көрсету туралы» (Аудандық әділет басқармасында 2007 жылғы 17 наурызда тіркелген, тіркеу № 7-13- 42, аудандық «Серпін» газетінде 2007 жылғы 21 сәуірдегі № 17 (958) санында жарияланған) қаулысы мынадай мазмұндағы 2-1. тармақпен толықтырылсын: «2-1. 2007 асылдың 4 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша әлеуметтік төлемдер белгіленсін».
Тармақ 2
2. Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Н. Хангереевке жүктелсін.