Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 25 «Махамбет ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 25 «Махамбет ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Аудандық әкімияттың 2008 жылғы аудандық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексінің 63-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 25 «Махамбет ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (Мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылы 9 қаңтардағы № 4-3-77 санымен тіркеліп, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 2 санында жарияланды):
Тармақша 1
1) 1-тармақта: 1-тармақшадағы: «1881928» саны «1947221» санымен ауыстырылсын; «559365» саны «624658» санымен ауыстырылсын; 2-тармақшадағы: «1262575» саны «1580207» санымен ауыстырылсын. 3-тармақшадағы: «619353» саны «367014» санымен ауыстырылсын. 4-тармақшадағы: «619353» саны «367014» санымен ауыстырылсын. 5- тармақшадағы: «бюджет профицитін пайдалану – 619353 мың теңге, оның ішінде: қарыздарды өтеу – 619353 мың теңге.» деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «бюджет профицитін пайдалану – 367014 мың теңге, оның ішінде: қарыздарды өтеу – 619353 мың теңге; бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы бойынша – 252339 мың теңге.».
Тармақша 2
2) 3-тармақта: «103000» саны «168293» санымен ауыстырылсын; бесінші абзац мынандай редакцияда жазылсын: «Береке ауылындағы су тазарту құрылымының және кентішілік су құбыры желілерінің құрылысына – 32978 мың теңге;»; мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші,сегізінші абзацтармен толықтырылсын: «мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға – 478 мың теңге;»; «электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға – 4815 мың теңге;!: «коммуналдық шаруашылық объектілерін дамытуға – 60000 мың теңге нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.». «7. Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві – 969 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.». 3) аталған шешімге 1,2 және 3-қосымшалар осы шешімге 1,2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 5
Басқа 6