Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 25 «Махамбет ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 25 «Махамбет ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Аудандық әкімияттың 2008 жылғы аудандық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548 Бюджет кодексінің 63-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №25 «Махамбет ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (Мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылы 9 қаңтардағы № 4-3-77 санымен енгізіліп, «Жайық шұғыласы» газетінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы №2 және 18 қаңтардағы № 3 сандарында жарияланған, мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4-3-85 санымен енгізіліп, «Жайық шұғыласы» газетінің 2008 жылғы 29 ақпандағы № 9 және 14 наурыздағы № 11 сандарында жарияланған, мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 14 мамырдағы № 4-3-90 санымен енгізіліп, «Жайық шұғыласы» газетінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 22 және 5 маусымдағы № 23 сандарында жарияланған, мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 26 тамыздағы № 4-3-107 санымен енгізіліп, «Жайық шұғыласы» газетінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 38 және 25 қыркүйектегі № 39 сандарында жарияланған, мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 26 қарашадағы № 4-3-108 санымен енгізіліп, «Жайық шұғыласы» газетінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 50 және 18 желтоқсандағы № 51 сандарында жарияланған):
Тармақша 1
1) 1-тармақта: 1-тармақшадағы: «1881928» саны «1426837» санымен ауыстырылсын; «647062» саны «27709» санымен ауыстырылсын; 2- тармақшадағы: «1262575» саны «1619402» санымен ауыстырылсын. 3-тармақшадағы: «619353» саны «-192565» санымен ауыстырылсын; 4-тармақшадағы: «бюджет профициті – 619353 мың теңге» деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «тапшылық – 192565 мың теңге;»; 5-тармақшадағы: «бюджет профицитін пайдалану – 619353 мың теңге, оның ішінде: қарыздарды өтеу бойынша – 619353 мың теңге; бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы бойынша – 252339 мың теңге.» деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «бюджет тапшылығын қаржыландыру – 192565 мың теңге, оның ішінде: бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы бойынша – 192565 мың теңге.».
Тармақша 3
3) аталған шешімге 1-қосымша осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.