Сарыағаш аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 5-2-17 «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сарыағаш аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 5-2-17 «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №5-2-17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-11-76 тіркелген, 2007 жылғы 29 желтоқсанда “Сарыағаш” газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақта 1) тармақшадағы: «6302134» сандары «7797499» сандармен ауыстырылсын; «5262245» сандары «6757610» сандармен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы: «6215792» сандары «7719941» сандармен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы: «86342» саны «77558» сандармен ауыстырылсын; 5) тармақшадағы: «0» саны «3617» сандармен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы: «86342» саны «73941» сандармен ауыстырылсын; 7) тармақшадағы: «-86342» саны «-73941» сандармен ауыстырылсын; 2) 3-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «Ауданның жергілікті атқарушы органының 2008 жылға арналған резерві 30904 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде; Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін ауданның жергілікті атқарушы органының төтенше резерві - 5100 мың теңге. Шұғыл шығындарға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві - 25304 мың теңге; Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві - 500 мың теңге».
Тармақ 2
2. Аталған шешімнің №1, 3 және 4 қосымшалары осы шешімнің №1, 3 және 4 қосымшалары болып жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 4
Басқа 5
Басқа 6