О проведении в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года очередного призыва на срочную воинскую службу граждан 1980-1989 годов рождения, не имеющих права на отсрочку Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскерге шақырудан қалдырылуға құқығы жоқ 1980-1989 жылы туған азаматтардың 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында жедел әскери қызметке шақыруын өткізу туралы Қазақстан Республикасы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №74-ІІІ Заңының 19 бабын 3 тармағын 23 бабын 1 тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығаруды және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығын орындауға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтарды әскери қызметке шақыру және ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарулы күштерді, басқа әскерлерді және әскери құрылымдарды қажет көлемде жинақтау үшін әскерден шақырудан қалдырылуға немесе босатылуға құқығы жоқ он сегізден бастап жиырма жеті жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы азаматтарының сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда жедел әскери қызметке шақыртуы ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыруды өткізу үшін құрамда аудандык әскерге шақыру комиссиясы бекітілсін: комиссия төрағасы - қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы; комиссия төрағасының орынбасары - аудан әкімінің орынбасары; комиссия мүшелері: аудандық ішкі істер бөлімінің зерттеу жөніндегі бастығының орынбасары (келісім бойынша); медициналық комиссия төрағасы-емхананың бас дәрігері (келісім бойынша); комиссия хатшысы.
Тармақ 3
3. Селолық округтер мен Мамлютка қаласының әкімдері әскерге шақырылушыларды медициналық комиссия жеткізуді және әскери қызметті өту үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.И.Пояркинге әскерге шақыру және азаматтарды мерзімді әскери қызметке жөнелту кезінде әскерге шақырылушылардың соғыс және еңбек ардагерлерімен, әскер-интернационалистермен кездесулерін өткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Орталық аудандық емхананың бас дәрігері Т.И.Кузинаға:
Тармақша 1
1) комиссияны тәжірибелі дәрігер-мамандармен, медициналық персоналмен жинақтасын, сонымен катар мүлікпен және құралдармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) айнаға түсіру, функционалдық диагностика кабинеттерінің, анализдерді тапсыру зертханасының дамылсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) медициналык комиссия құрамы аурухана бойынша бұйрықпен бекітілсін, комиссияны жүргізу үшін олардың сағат 10-ға келуін қамтамасыз етсін, жетіспейтін мамандар бойынша облыстык денсаулық сақтау департаментіне өтініш берсін.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі Т.М.Тұғүнбаевқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтарды әскери қызметке шақыру және ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы № 623 қаулысының 10 бабына сәйкес әскерге шақырту комиссиясына себепсіз келмеген әскерге шақырылушылардың келуін және іздестіруін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қаржы бөлімінің бастығы А.П.Яковенкоға мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іс-шараларға жергілікті бюджет есебінен осы максатка бөлінген қаржы шегінде шығыстарды өз уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «Мамлют ауданы әкімінің аппараты» мемлекетгік мекемесінің басшысы С.Ғ. Кәрімоваға Қазакстан Республикасы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №74-ІІІ Занының 44 бабына сәйкес: Әскерге шақырту кезінде әскерге шақыртуды материалдық-техникалык қамтамасыз ету үшін техникалық жұмысшылардың (іс жүргізушілердің) 2 штаттық бірлігін 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейін, 1 казаннан бастап 31 желтоқсанға дейін қабылдасын. Осы қаулының 9 тармағында көрсетілген іс-шаралар үшін көлікті жалдауды жүргізсін.
Тармақ 9
9. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы С.Ә.Сүлейменовке Қазакстан Республикасының карулы Күштеріне жөнелту бойынша әскерге шақырылушыларды облыстық жинау пунктіне жіберу және мерзімді әскери қызметке шақырылуы тиісті азаматтарды зерделеу үшін, әскерге шақырылушылармен, ата-аналарымен не тәрбиелейтін тұлғалармен, әскерге шақырылушы жұмыс істейтін (оқитын) білім ұйымдарының басшыларымен, баска тұлғалармен, әскерге шақырылушылардын таныстарымен (көршілері, достары) жеке әнгіме өткізу арқылы жергілікті бюджет есебінде жалға берілген автокөлікті пайдалансын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.С.Бүйрекбаевқа жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Келісілді Аудандық емхананың бас дәрігері Т.Кузина 20.04.2007 ж. Мамлют ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы С.Сүлейменов 20.04.2007 ж. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Т.Тұғұнбаев 20.04.2007 ж.