2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығына және «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық шақыру комиссиясы құрылсын және оның құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды 2007 жылғы көктемгі және күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. «Қызылорда облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (О.Әлжік) әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салу күндерінде әскерге шақырылған жастар алдында көркем өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың концерттерін, шақыру кезеңінде Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жанындағы облыстық жиын пунктінде әскери-патриоттық тақырыптардағы көркем суретті және деректі фильмдерді көрсетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. «Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесі (М.Көшімбеков) облыстық жиын пунктінің жанынан облыстық медициналық комиссиясын құрсын.
Тармақ 6
6. Қызылорда облысының ішкі істер департаментіне (А.Исағалиев, келісім бойынша), Қызылорда стансасындағы желілік ішкі істер бөліміне (Т.Сапарбаев, келісім бойынша) көпшілік шоғырланатын орындарында және шақырылғандардың жүру маршруттарында қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жол полициясы инспекторларын, патрульдік автокөліктердің және полиция нарядтарының қажетті санын бөлу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ә.Жылқайдаров), азаматтарды әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастыру үшін облыстық жиын пунктін жабдықтап, дәрі-дәрмекпен, құрал-жабдықпен, медицина және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарымен жабдықтасын.
Тармақ 8
8. «Қызылорда электр тарату желісі компаниясы» акционерлік қоғамына (Ж.Көшербаев, келісім бойынша) шақыру кезеңінде электр жарығының үздіксіз беріліп тұруын қамтамасыз етуге ықпал жасау ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Қызылорда қаласының әкімі Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жанындағы облыстық жиын пунктіне жұмыссыз ретінде тіркелгендерден қоғамдық жұмыс істеуге өз еріктерімен келіскен 10 адамды бөлсін.
Тармақ 10
10. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесі (М.Көшімбеков), «Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесі (С.Тоқманбетов, келісім бойынша), Қызылорда облысының ішкі істер департаменті (А.Исағалиев, келісім бойынша), Қызылорда стансасындағы желілік ішкі істер бөлімі (Т.Сапарбаев, келісім бойынша) осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты 2007 жылдың 10 шілдесіне және 2008 жылдың 15 қаңтарына облыс әкіміне ұсынсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Жүсіповке жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ»:
Басқа 13. Комиссия мүшелері:
Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы «23» сәуірдегі № 98 қаулысымен бекітілген 1 - қосымша Облыстық шақыру комиссиясының құрамы Сұлтан ӘбуұлыТоқманбетов - «Қызылорда облысының қорғаныс істеріжөніндегі департаменті» мемлекеттікмекемесінің бастығы, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша); Әмірқұл Романқұлұлы Жылқайдаров - «Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесініңбастығы, облыстық шақыру қомиссиясы төрағасының орынбасары; Айнұр Болатқызы Ермаханова – «Қалалық дәрігерлік жедел жәрдем стансасы» мемлекеттік мекемесінің фельдшері, облыстық шақыру комиссиясының хатшысы; Комиссия мүшелері: Мыңділда Сағидуллаұлы Ршауов - «Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша); Қасымбек Спандиярұлы Байкенжиев - «Қызылорда облысының ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша); Нэлля Нэбиқызы Искакова - «Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің тәрбие, әлеуметтік және психологиялық жұмыстары бөлімінің аға әскери маманы (келісім бойынша); Мейрамбек ҚалелұлыҚаниев - «Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесі бастығының көмекшісі, дәрігер (медициналық комиссия төрағасы) (келісім бойынша).
Басқа 14
Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы «23» сәуірдегі № 98 қаулысымен бекітілген 2 - қосымша 2007 ЖЫЛҒЫ КӨКТЕМГІ ЖӘНЕ КҮЗГІ ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ Қорғаныс істері жөніндегібөлімдер және басқармалар СӘУІР өткізу күндері 23 24 25 26 27 Арал ауданы + Қазалы ауданы + Байкоңыр қаласы + Қармақшы ауданы + Жалағаш ауданы + + Қызылорда қаласы + + + Шиелі ауданы + + Жаңақорған ауданы + + Қорғаныс істері жөніндегібөлімдер және басқармалар МАМЫР өткізу күндері 2 3 4 8 10 11 14 15 16 17 18 21 22 23 24 25 28 29 30 31 Арал ауданы + + + + + + + + + + Қазалы ауданы + + + + + + + + + + Байқоңыр қаласы + + + + + + + + + + Қармақшы ауданы + + + + + + + + + + Жалағаш ауданы + + + + + + + + + + + Қызылорда қаласы + + + + + + + + + + + + + + Шиелі ауданы + + + + + + + + + + + + Жаңакорған ауданы + + + + + + + + + + + + Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер және басқармалар МАУСЫМ өткізу күндері 1 4 5 6 7 8 11 12 13 14 15 18 19 20 21 22 25 26 27 28 29 Арал ауданы + + + + + + Қазалы ауданы + + + + + + Байқоңыр каласы + + + + + + Қармақшы ауданы + + + + + + Жалағаш ауданы + + + + + + Қызылорда қаласы + + + + + + + Шиелі ауданы + + + + + + Жаңакорған ауданы + + + + + + Қорганыс істері жөніндегібөлімдер және басқармалар КАЗАН өткізу күндері 17 18 19 20 22 23 24 26 29 30 31 Арал ауданы + + + + + Қазалы ауданы + + + + + Байқоңыр қаласы + + + + + + Қармақшы-ауданы + + + + + + Жалағаш ауданы + + + + + Қызылорда қаласы + + + + + Шиелі ауданы + + + + + Жаңақорған ауданы + + + + Қорғаныс істері жөніндегібөлімдер және басқармалар ҚАРАША өткізу күндері 1 2 5 6 7 8 9 12 13 14 15 16 19 20 21 22 23 26 27 28 29 30 Арал ауданы + + + + + + + + + + + Қазалы ауданы + + + + + + + + + + + Байқоңыр каласы + + + + + + + + + + + Қармақшы ауданы + + + + + + + + + + + Жалағаш ауданы + + + + + + + + + + + Қызылорда қаласы + + + + + + + + + + + Шиелі ауданы + + + + + + + + + + + Жаңакорған ауданы + + + + + + + + + + + Қорғаныс істері жөніндегібөлімдер және басқармалар ЖЕЛТОҚСАН өткізу күндері 3 4 5 6 7 10 11 12 13 14 18 19 20 21 24 25 26 27 28 Арал ауданы + + + + Қазалы ауданы + + + + Байкоңыр каласы + + + + Кармакшы ауданы + + + + Жалағаш ауданы + + + + Қызылорда каласы + + + + + Шиелі ауданы + + + + Жаңакорган ауданы + + + + Қосымша: + - аудандардың шақыру комиссиясынан өту күндері