2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында 1980-1989 жылы туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында 1980-1989 жылы туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19,20,23 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі №318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында шақыру күніне 18-жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығын жойған 27 жасқа дейінгі ересек жастағы аудан азаматтарын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына, басқа әскерлермен, әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. №1 қосымшаға сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруды және өткізу мақсатында аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Селолық, ауылдық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) шалғайдағы селолық, ауылдық округтерде тұратын әскери қатарына шақырылушы азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін белгіленген уақытта аудан орталығына жеткізуге, сондай-ақ шақырушыларды тасымалдау үшін автокөліктер бөлсін;
Тармақша 2
2) аудандық шақыру пунктін жабдықтау және оған қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-аспаппен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарына кететін шығынның көлемі жергілікті бюджет арқылы анықталып, көктемгі және күзгі әскерге шақыру іс-шараларын жүзеге асыру үшін, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) көктемгі және күзгі әскер қатарына шақыруға байланысты міндеттерін атқаруға тартылған азаматтардың (аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерін) өз міндеттерін атқару іс-сапармен байланысты болса, іс-сапар шығындары төленсін;
Тармақша 4
4) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде шақыру (жинақтау) пунктіне жұмысқа бөлінетін шақыру комиссиясы мүшелерінің, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететін персоналдың жұмыс орындары бойынша еңбекақысы сақталсын;
Тармақ 4
4. Аудандық емханадан: (келісім бойынша)
Тармақша 1
1) әскер қатарына шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясының құрамындағы медициналық комиссияны білікті дәрігер-мамандармен, орта буын медицина персоналымен қамтамасыз ету және медициналық комиссия құру;
Тармақша 2
2) әскер қатарына шақырушыларды флюорографиялық (рентгенографиялық) зерттеуден өтуін, қанның тобы мен резус факторының анықталуын, қанның және несептің жалпы талдауын, электрокардиографиядан өткізілуін, микрореакциясының анықталуын жүзеге асырып, бақылау жасау;
Тармақша 3
3) жергілікті селолық ауруханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда және жанұялық дәрігерлік амбулаторияларда сақталатын әскер қатарына шақырушылардың Ф-25/у амбулаториялық (стационарлық) аурулардың жеке картасы формаларының шақыру комиссиясының құрамындағы медициналық комиссияның отырысы кезінде міндетті түрде болуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөліміне: (келісім бойынша)
Тармақша 1
1) Әскери қызметке шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, тауып, шарасын алу, ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ аудандық және облыстық шақыру комиссияларына әскер қатарына шақырылушыларды тасымалдау кезінде және аудандық шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіру және олардың нақты тұратын жерін анықтау жөнінде жедел топтар құру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Ауданның барлық мекеме, шаруашылық, ұйым басшылары, шаруа қожалықтары мен серіктестік төрағаларынан (меншік түріне қарамастан) әскер қатарына шақырылушы азаматтарды, олардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз ету сұралсын.
Тармақ 7
7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен (келісім бойынша) әскер қатарына шақыру науқаны кезінде олардың іс-қағаздарының толық болуын қамтамасыз ету, шақыру комиссиясының жұмысын және әскер қатарына шақырушыларды облыстық дәрігерлік тексеру комиссиясына, әскер қатарына аттандыру жұмыстарын ұйымдастыру және орындалғаны жөнінде хабарлама беру сұралсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісемін:
Аудандық ішік істер
бөлімінің бастығы
9 мамыр 2007 ж
С.Жапақов
аудандық орталық
емхана бас дәрігері
9 мамыр 2007 ж
С.Тайшыбай
Аудандық қорғаныс істер
бөлімінің бастығы
9 мамыр 2007 ж
Р.Кадуов
Басқа 19. Комиссия мүшелері:
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:
Кадуов Руслан Мағзомұлы
- аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы;
Бекешов Нұрлан Мұратұлы
- аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Зибатов Анархан
- аудандық емхана медбибісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Ақжамалова Жаниба Көбенқызы
- аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары (келісім бойынша);
Рысмұқанбетов Қайрат Құбайдоллаұлы
- аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);