2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясы құрылсын және оның құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығынан (М.Байсынов, келісім бойынша) аудандық шақыру пунктіне шақырылушыларды жинау бойынша жұмыстарын бақылауды және қалыптастыру мен жөнелтуді ұйымдастыру сұралсын.
Тармақ 3
3. «Аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (К.Утеев, келісім бойынша) «Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (М.Байсынов, келісім бойынша) бірлесе отырып, аудандық шақыру пунктінде, жөнелту уақыттарында тәртіпті қамтамасыз ету және әскери міндетін орындаудан жалтарушыларды іздестіру бойынша іс-қимылдар жүргізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. «Облыстық денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Қазалы ауданы бойынша өкілінен (К.Азиров, келісім бойынша):
Тармақша 1
1) мерзімді әскер қатарына шақырылатын азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізетін білікті маман-дәрігерлер мен медбикелерді 2-қосымшаға сәйкес бөлсін және инструкторлық-әдістемелік нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес шақырушыларды дер кезінде медициналық іріктеуден өткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) медициналық комиссияны қажетті құралдармен, медициналық, шаруашылық мүлікпен және дәрі-дәрмектермен жабдықтау сұралсын.
Тармақ 5
5. Мерзімді әскери қызметке шақырылушылардың жеке құжаттарын толтыру және міндетті әскери кызметтен жалтарған азаматтарды іздестіру үшін мекемелерден техникалық қызметкерлер 3-қосымшаға сәйкес бөлінсін.
Тармақ 6
6. «Қазалы жарығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (Н.Изтлеуов, келісім бойынша) шақыру кезеңінде электр жарығының үздіксіз беріліп тұруын қамтамасыз етуге ықпал жасау ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Жүсіповке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 11
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы «28» қыркүйектегі №167 нормативтік қүқықтық кесіміне 1-қосымша Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Байсынов Мұрат Балтабекұлы - «Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); Алтынбай Шарафадин Алтынбайұлы - «Қазалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары; Алданазарова Зауре Тілекқызы - «Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша); Мүшелері: Жұбатқан Қаныш Аманшаұлы - «Аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі (келісім бойынша); Қорғанов Нұрлан Тлепбайұлы - «Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келісім шарт әскери қызметшілерін жинақтау және шақыру бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша); Әбілбай Қуанышбай Әбдікенұлы - «Аудандық кенес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің дәрігер-терапевті (келісім бойынша); Тлеумбетова Айгүл Үсейнқызы - «Облыстық білім департаменті, Қазалы ауданының психологиялық-дәрігерлік, педагогикалық консультациясы» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі (келісім бойынша).
Басқа 12
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы «28» қыркүйектегі №167 нормативтік қүқықтық кесіміне 2-қосымша Әскер қатарына шақырылатын азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізетін білікті маман-дәрігерлер мен медбикелердің ТІЗІМІ Қамысбай Пайзулла Суханұлы- «Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің дәрігер-хирургы (келісім бойынша); Әбілбай Қуанышбай Әбдікенұлы- «Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің дәрігер-терапевты (келісім бойынша); Төлебаева Кәмпит Төлебайқызы- «Қазақстан Республикалық песханасы» мемлекеттік мекемесінің дәрігер-лепрологы (келісім бойынша); Тілеумбетов Бақтыбай Құлбайұлы- «Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің дәрігер-психиатры (келісім бойынша); Сәтмағанбетова Анаркүл Тарғынқызы- «Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің дәрігер-невропотологы (келісім бойынша); Сәтмағанбетов Бекарыстан Құрманбайұлы- «Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің көз дәрігері (келісім бойынша); Айтчеков Серік Жұбанұлы -«Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің құлақ, мұрын дәрігері (келісім бойынша); Сайлыбаев Ібайдулла Жанахметұлы- «Аудандық тері-жіңішке аурулар диспансері» мемлекеттік мекемесінің тері дәрігері (келісім бойынша); Айтенов Асылбек Жамбылұлы -«Ақ кербез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дәрігер-стомотологы (келісім бойынша); Қожабаева Гүласыл Молдабайқызы- «Аудандық туберкулезге қарсы күресу диспансері» мемлекеттік мекемесінің дәрігер-фтизиатры (келісім бойынша); Қуанышева Зульфия Губайдуллақызы -«Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің дәрігер-кардиологы (келісім бойынша); Нағымет Бағдагуль Нағыметқызы- «Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің медбикесі (келісім бойынша); Нияз Аяулым Асейнқызы- «Аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы» мемлекеттік мекемесінің медбикесі (келісімі бойынша).
Басқа 13
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы «28» қыркүйектегі №167 нормативтік қүқықтық кесіміне 3-қосымша Мерзімді әскери қызметке шақырылушылардың жеке құжаттарын толтыру және міндетті әскери қызметтен жалтарған азаматтарды іздестіру үшін мекемелерден бөлінетін техникалық қызметкерлердің ТІЗІМІ 1 «Ж.Жабаев атындағы № 234 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі Нұрадинов Асылбек Аманкелдіұлы 1 адам 01.10.2007 ж.-25.12.2007 ж. 2 «Қ.Сатбаев атындағы № 216 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі Қуанышбаев Серік 1 адам 01.10.2007 ж.-25.12.2007 ж. 3 «№170 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі Имашев Нұрлан Райпұлы 1 адам 01.10.2007 ж.-25.12.2007 ж. 4 «Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі Шермаханов Төребай Айдарбекұлы 1 адам 01.10.2007 ж.-25.12.2007 ж. 5 «В.Счастнов атындағы №249 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі Бәймішев Ғабит Бердіұлы 1 адам 01.10.2007 ж.-25.12.2007 ж. 6 «С.Сейфулин атындағы №165 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі Ізбасқанова Ләззат Шыманқызы 1 адам 01.10.2007 ж.-25.12.2007 ж. 7 «Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі Даулетияров Бейбіт 1 адам 01.10.2007 ж.-25.12.2007 ж.