О проведении приписки в январе-марте 2007 года граждан 1990 года рождения Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы қаңтар–наурыз айларында 1990 жылы туған азаматтардың тіркеуін жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қантардағы « Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес, азаматтардың жыл сайынғы тіркеуін жүргізуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету үшін қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ (Грудей А.Д.-келісімі бойынша) 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1990 жылы туған, Сәтбаев қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын Сәтбаев қаласының шақыру учаскесіне тіркеуге алынсын.
Тармақ 2
2. Сәтбаев қаласы, Гурба көшесі 102,«Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ мекен – жайы бойынша Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласының азаматтарды тіркеу жөніндегі шақыру учаскесі ұйымдастырылсын..
Тармақ 3
3. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 4
4. Азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі бекітілсін (№2 қосымша).
Тармақ 5
5. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссия жанындағы медициналық комиссияның құрамы бекітілсін (бұдан әрі - тіркеу жөніндегі медициналық комиссия) (№3 қосымша).
Тармақ 6
6. «Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі» ММ (Е.Х.Сәкеев) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге байланысты «Жалпыға бірдей әскери міндеті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» бағдарламасына сәйкес қаржыландыру қамтамасыз етілсін.
Тармақ 7
7. Тіркеу жүргізу кезінде автокөлік құралдарының бөлу кестесі бекітілсін (№4 қосымша).
Тармақ 8
8. Қарағанды облысы денсаулық сақтау Департаментінің Жезқазған аймақтық өкілдігіне (К.К.Қабыкенов- келісімі бойынша) тіркеу комиссиясының жұмысы уақытында медициналық комиссия мүшелерінің негізгі жұмыс орындары мен орта айлық жалақыларын сақтау, комиссияны қажетті дәрі-дәрмекпен, дәрігерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Сәтбаев қаласының ішкі істер бөліміне (Ж.Т. Имашев - келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) «Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ- мен бірлесіп тіркеу уақытында шақыру учаскесінде құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізу;
Тармақша 2
2) тіркеуден жалтарып жүргендерді іздестіру, оларды тіркеу учаскесіне жеткізу ұсынылсын.
Тармақ 10
10. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалр бөлімі» ММ (Қапарова Т.Ғ.) тіркеу кезінде азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның қарамағына қажеті техникалық жұмыскерлер бөлуге ықпал жасасын..
Тармақ 11
11. Меншік нысандарына қарамастан мекемелер мен кәсіпорындар басшыларына жұмыс істеп жүрген, тіркеу жасындағы азаматтарға тіркеуден өту мерзімінде оқудан немесе жұмыстан босатып, олардың «Сәтбаев қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ уақытлы келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 13
13. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімнің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін. «Келісілді» «Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығы А.Д. Грудей 2006 ж. «26» желтоқсан «Келісілді» «Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі» ММ бастығы Ж.Т.Имашев 2006 ж. «26» желтоқсан «Келісілді» «Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Жезқазған аймақтық өкілдігінің бастығы К.К.Қабыкенов 2006 ж. «26» желтоқсан
Басқа 16
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2006 жылғы „26” XII № 27-417/12 қаулысымен бекітілген № 1 қосымша Тіркеу жөніндегі комиссияның дербес ҚҰРАМЫ Грудей Александр Дмитриевич - «Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығы, комиссияның төрағасы, (келісімі бойынша); Мұханбеталина Сара Тлегенқызы - «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары; Позднякова Беруте - «Сәтбаев қаласының кеңестік диагностикалық емханасы» МКҚК, комиссия хатшысы; Мергенбаев Төлеген Мергенбайұлы - «Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі» ММ бастығының орынбасары, (келісімі бойынша); Маймақова Кәуя Кәкімқызы - «Маймақова К.К.» жеке кәсіпорнының дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы,(келісімі бойынша).
Басқа 17
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2006 жылғы „26” XII № 27-417/12 қаулысымен бекітілген № 2 қосымша Тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы ( бұдан әрі – комиссия) қала әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 2
2. Коммисия өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қантардағы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарың, Қазақстан Ресмпубликасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» №371, 2006 жылғы 31 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәргерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» №226 қаулыларын, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 24 ақпандағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскелеріне тіркеуді дайындау және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты қолданысқа енгізу туралы» бұйрығын басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия хаттама кітабын жүргізеді, жиынтық тізімдерге сәйкес оған тіркеу учаскесіне тіркелуге тиіс барлық азаматтар енгізіледі.
Тармақ 4
4. Күн сайын тіркеу жөніндегі комиссия хаттамалар кітабына жазылған жазбалардың дұрыстығын тексереді және хаттамаға барлық комиссия мүшелері қол қояды.
Тармақ 5
5. Тіркеу жөніндегі комиссия әскерге шақырылушының құжаттарын зерделеу және жеке әңгімелесу негізінде мынандай шешімдердің бірін: «Әскери қызметке жарамды»; «Әскери қызметке жарамды, бірвақ қосымша емделуге мұқтаж»; «Емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаж»; «Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі түрде жарамды»; «Әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз», тіркелуге келмеген азаматтарды іздестіруді ұйымдастыру жөнінде, әскери есепке қоюдан бас тарту, тіркеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.
Басқа 23
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2006 жылғы „26” XII № 27-417/12 қаулысымен бекітілген № 3 қосымша Тіркеу жөніндегі медициналық комиссияның ҚҰРАМЫ Маймақова Кәуя Кәкімқызы - «Маймақова К.К.» жеке кәсіпорнының жүйке аурулары дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы; Ыбраева Айнұр Ақпанқызы - «Сәтбаев қаласының кеңестік диагностикалық емханасы» МКҚК, комиссия хатшысы; Әбдікожина Баян Өтегенқызы - Сәтбаев қаласының «Стоматология» өндірістік кооперативінің тіс дәрігері; Баспаева Нұрсұлу Ырзахметқызы - «Сәтбаев қаласының № 6 отбасылық дәрігерлік амбулаториясының» дәрігер-терапевті; Балтабекова Масура Мұқашқызы - «Сәтбаев қаласы кеңестік диагностикалық емханасы» МКҚК көз дәрігері; Бұланбаева Гүлбану Дәнекейқызы - «Сәтбаев қаласының жүйке аурулары диспансері» МКҚК дәрігері; Даирова Мира Сейдаловна - «Жезқазған қаласының тері және жұқпалы аурулары диспансері» МКҚК дәрігері; Мұқанова Гүлжанат Молдахметқызы - «Сәтбаев қаласының № 4 отбасылық дәрігерлік амбулаториясы» құлақ, мұрын және тамақ дәрігері; Сүлейменова Ақмарал Өмірбекқызы - «Сәтбаев қаласының кеңестік диагностикалықемханасы» МКҚК дәрігер – оташысы.
Басқа 24
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2006 жылғы „26” XII № 27-417/12 қаулысымен бекітілген № 4 қосымша Тіркеу уақытында «Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ қарамағына қажетті автокөлік бөлу кестесі № Кәсіпорынның аталуы Автокөлік бөлу мерзімі Бөлу сағаты Ескерту 1. “ҚР Ауылшаруашылық Министрлігінің Сәтбаев қалалық аймақтық басқармасы”ММ 08.01.-12.01. 9.00-18.00 2. «Жезқазған қалалық қияли-жүйке ауруларын емдеу мекемесі» ММ 15.01-19.01. 9.00-18.00 3. «ӘАҚЖ» РМК Жезқазған әскерилендірілген «КЕН» құтқарушылық жасағы 22.01.-26.01. 9.00-18.00 4. «Жезқазған қалалық туберкулез ауруына қарсы күрес диспансер» ММ 29.01.-02.02. 9.00-18.00 5. «№1 Қалалық орталық аурухана» МКҚК 05.02.-09.02. 9.00-18.00 6. «Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті» ММ Сәтбаев қаласы бойынша басқармасы 12.02.-16.02. 9.00-18.00 7. «Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі» ММ 19.02.-23.02. 9.00-18.00 8. «Сәтбаев қаласы әкімі аппараты» ММ 26.02.-02.03. 9.00-18.00 9. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 05.03.-09.03. 9.00-18.00 10. «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» ММ 12.03.-16.03. 9.00-18.00 11. «Сәтбаев қаласы бойынша салық комитеті» ММ 19.03.-23.03. 9.00-18.00 12 «Сәтбаев қаласының қазынашылық бөлімі» ММ