О проведении в январе-марте 2007 года приписки граждан Республики Казахстан мужского пола, 1990 года рождения к призывному участку государственного учреждения «Отдел по делам обороны Житикаринского района Костанайской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне ер жынысты, 1990 жылы туған Қазақстан Республикасы азаматтарына 2007 жылғы қаңтар-наурызда тіркеу жүргізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағына 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1990 жылы туған Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарына 2007 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (С.С. Жолдыбаев) «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығымен бірге (Қ.А. Жұмағұлов):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарына үміткерлер іріктеуге, оқу орындарына құжаттар тапсырғанға дейін жүргізуге;
Тармақша 2
2) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстардың басталғаны туралы аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялауға ұсыныс берілсін.
Тармақ 3
3. Медициналық куәландыру жүргізу үшін «Жітіқара аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігеріне (М.В. Бисенова):
Тармақша 1
1) медициналық куәландыру жүргізу үшін жалақысын сақтап комиссия құрамына дәрігер-мамандарды, орта медициналық қызметкерлерді болу;
Тармақша 2
2) қажетті медициналық құралдары бар дәрігер-мамандармен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тіркеу жөніндегі аудандық комиссияның жұмыс тәртібіне сәйкес, азаматтарға медициналық куәландыру, клиникалық және флюорографиялық тексерулер жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Селолар мен селолық округтер әкімдері, селолар мен селолық округтер әкімдері аппараттарының әскери есеп жөніндегі мамандарының ерітіп жүруімен бекітілген кестеге сәйкес, талдау тапсыруы мен куәландыруы үшін шақыру учаскесіне тіркелуге жататын 1990 жылы туған жасөспірімдердің келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер Департаменті Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Б.Ф. Жұмағалиев) «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелуден жалтарып жүргендерді іздестірумен және тауып әкелумен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Жітіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (В.Б. Никитченко) «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне жасөспірімдерге тіркеу жүргізу жөніндегі шараларды қаржыландыру ассигнованиеде қарастырылғандай мөлшерде аудан бюджетінің қаражатынан жүзеге асырылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен соң 10 күн өткенінен кейін қолданысқа енеді.