2007 жылдың қаңтар-наурыз
айларында аудан көлемінде әскери
есепке алу бөлімшесіне 1990 жылы
туған жасөспірімдерді тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан көлемінде әскери есепке алу бөлімшесіне 1990 жылы туған жасөспірімдерді тіркеу туралы от 25.12.2006 г. № 491 (2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан көлемінде әскери есепке алу бөлімшесіне 1990 жылы туған жасөспірімдерді тіркеу туралы)
1. Жылыой аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1990 жылы туған жасөспірімдерді және түрлі себептермен тіркелмеген жасы үлкен азаматтарды әскери есепке алу бөлімшесіне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу ұсынылсын.
2. Азаматтарды әскери есепке тіркеу жөніндегі комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Азаматтарды әскери есепке алу Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің (келісім бойынша) шақыру пунктінде өткізілсін.
4. Жылыой аудандық орталық ауруханасына (келісім бойынша):
1) аудандық дәрігерлік комиссия құрамына ауыстыру мүмкіндігін қарастырып, тиісті дайындығы бар тәжірибелі жоғары білімді медицина қызметкерлерінің, сонымен бірге есепке тіркелушілердің қан және зәр құрамын айыруға, кеуде органдарын рентгенологиялық зерттеу, жүрек соғысын бақылау электрокардиограмма (ЭКГ) үшін емдеу-профилактикалық мекемелерден қажетті мөлшерде орын бөлу;
2) аудандық шақыру пунктінің қажетті дәрі-дәрмектермен, дәрігерлік құрал-жабдықтармен, мүліктермен қамтамасыз етілуін бақылауға алу;
3) комиссия өту барысында анықталған дімкес жастармен 2007 жылдың 1-ші сәуіріне дейін емдеу-сауықтыру мекемелерінен қажетті орындар бөлу;
4) қайталап тексеруді акт жасақтау арқылы Жылыой аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне белгіленген мерзімде өткізу ұсынылсын.
5. Жылыой ауданы білім беру бөлімі Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі белгіленген кестесіне сай оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізсін және жауапты адамдармен бірге әскери есепке тіркеу бөлімшесіне ұйымдастырылған күйде әкелсін.
6. Барлық поселке және селолық округ әкімдері жасөспірімдерді тұрғылықты жерінен әскери есепте тіркеу бөлімшесіне дейін және кейін қарай жеткізу үшін жабдықталған автокөліктермен қамтамасыз етсін.
7. Аудан көлемінде ұйымдардың, мекемелердің басшыларына 1990 жылғы туған азаматтардың тізімін Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсыру ұсынылсын.
8. «Құлсарымұнайгаз» мұнайгаз өндіру басқармасына (келісім бойынша) Қосшағыл селолық округінің және Қаратон поселкесі әкімдерінің сұранысы бойынша жасөспірімдерді жаңа шақыру бөлімшесіне және кейін қарай жеткізу үшін қажетті автокөлік бөлу ұсынылсын.
9. "Жылыойкөлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша) Ақкиізтоғай және Майкөмген селолық округ әкімдерінің сұранысы бойынша кестеге сәйкес жасөспірімдерді шақыру бөлімшесіне және кейін қарай жеткізу үшін қажетті автокөлік бөлу ұсынылсын.
10. "Құлсарымұнайқұбырлары" басқармасына (келісім бойынша) Жем және Қара-Арна селолық округ әкімдерінің сұранысы бойынша кестеге сәйкес жасөспірімдерді шақыру бөлімшесіне және кейін қарай жеткізу үшін қажетті автокөлік бөлу ұсынылсын.
11. Жылыой аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) шақыру бөлімшесіне қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп, бой тасалап жүрген жасөспірімдерді іздестіруді ұйымдастыру ұсынылсын.
12. Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) 2006 жылдың 1-қаңтарынан 31 наурызына дейін 2-қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлер алсын және және бұл қызметкерлер Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің келісімінсіз ауыстырылмасын.
13. Жылыой ауданы қаржы бөліміне есепке тіркеу шараларын өткізуге байланысты және дәрігерлік құрал жабдықтар алуға жұмсалатын шығындарды сметадағы қаралған қаражат аясында қаржыландыру міндеттелсін.
14. Жылыой ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша):
1) 1990 жылы туған азаматтарды тіркеу жұмысының жүру барысын аудан басшылығына хабарлап тұру;
2) 2007 жылдың сәуір айында аудандық әкімиятқа жасөспірімдердің шақыру бөлімшесіне тіркеу жұмысының қорытындысы және оларды әскери қызметке дайындау шаралары жөнінде хабарлама беру ұсынылсын.
15. Жылыой аудандық әкімиятының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы №370 «2006 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан көлемінде әскери есепке алу бөлімшесіне 1989 жылы туған жасөспірімдерді тіркеу туралы» қаулысының (Жылыой аудандық әділет басқармасында 2005 жылы 14 желтоқсанда №4-2-30 санымен тіркелген, «Кең-Жылой» газетіне 2006 жылы 1 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
16. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сағиевке жүктелсін.
17. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Жылыой аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы
«25» желтоқсан 2006 ж. А.Қоқатов
Жылыой аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
«25» желтоқсан 2006 ж. Б.Рахметов
Жылыой аудандық ауруханасының
бас дәрігері
«25» желтоқсан 2006 ж. Ғ.Қалиева
Жылыой аудандық емхананың
бас дәрігері
«25» желтоқсан 2006 ж. Т.Қыдырбаев
«Құлсарымұнайқұбырлары»
басқармасының бастығы
«25» желтоқсан 2006 ж. А.Бешімов
«Жылыойкөлік» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
Қ.Надиров
«25» желтоқсан 2006 ж.
«Құлсарымұнайгаз» мұнайгаз өніру
басқармасы бастығының міндетін
атқарушы Д.Нұрғанов
«25» желтоқсан 2006 ж.
«Бақай» корпорациясының президенті
«25» желтоқсан 2006 ж. М.Балжігітов
«Казкомсервис» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
«25» желтоқсан 2006 ж. О.Алдекенов
11-Құлсары жол дистанциясы
филиалының бастығы
«25» желтоқсан 2006 ж. С.Сейілханов
15-Құлсары дабылдандыру және
байланыс дистанциясының бастығы
«25» желтоқсан 2006 ж. Т.Байбеков
Аудандық әкімияттың
2006 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 491 қаулысына 1 қосымша
Азаматтарды әскери есепке тіркеу жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ
Қоқатов Ардақ Құлымжанұлы -Жылыой аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы,
аудандық шақыру
комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша)
Сағиев Мәжит -аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасының
орынбасары
Төлеуова Сара -Жылыой аудандық
емханасының мейірбикесі,
комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Қыдырбаев Тахуадин Жұмабекұлы -Жылыой аудандық
емханасының бас дәрігері
(келісім бойынша)
Ментаев Азамат Спатайұлы -Жылыой аудандық ішкі істер
бөлімі бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Аудандық әкімияттың
2006 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 491 қаулысына 2 қосымша
Әскери есепке тіркеу шарасына бөлінетін техникалық қызметкерлердің К Е С Т Е С І
р/с
Мекемелердің аттары
Техникалық қызмет
керлерінің
саны
Бөлінетін уақыт
1
Жылыой ауданы жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
5
2 қаңтар – 30 наурыз 2007 жыл
2
«Құлсарымұнайқұбырлары»
басқармасы (келісім бойынша)
1
2 қаңтар – 30 наурыз 2007 жыл
3
«Бақай» корпорациясы
(келісім бойынша)
1
2 қаңтар – 30 наурыз 2007 жыл
4
«Казкомсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
(келісім бойынша)
1
2 қаңтар – 30 наурыз 2007 жыл
5
11-Құлсары жол дистанциясы
филиалы (келісім бойынша)
1
2 қаңтар – 30 наурыз 2007 жыл
6
15-Құлсары дабылдандыру және байланыс дистанциясы
(келісім бойынша)
1
2 қаңтар – 30 наурыз 2007 жыл