2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1990 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы Қолданыста
Басқа 0
2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1990 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңынын 17-бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне әскери тіркеуге алуды 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында өткізу үшін, мына төмендегі құрамда комиссия құрылсын:
Бидайбеков Тимур Қайнарбекұлы - қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
Сейтметова Айсұлу Мараимқызы - қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Нақыпов Молдабай Зайырұлы - қалалық ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары (келісімі бойынша);
Қалмұрзаев Сәрсен Рахымшаұлы - қалалық орталық аурухананың лор дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша);
Жүсіпова Гүлнәр Рәтбекқызы - комиссия хатшысы (келісімі бойынша).
Қалалык денсаулық сақтау бөлімінің бастығына (Сандыбаев Ә.Т - келісімі бойынша).
Тармақ 2
2. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізу аумағын медициналық құралдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 1
1) қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізу аумағын медициналық құралдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шақыру учаскелеріне тіркелетін жасөспірімдердің және әскерге шақырушылардың дер кезінде тексеруден өткізілуіне дәрігер мамандар құрамын кұрып, бекіту;
Тармақша 3
3) медициналык куәландыруға қатысушы дәрігерлерді еңбек орны мен орташа айлық жалақысын сақтай отырып, жіберуді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылғанға дейін қалалық денсаулық сақтау бөлімінің дәрігерлерімен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жоспарына сәйкес сабақтар өткізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Кентау қалалық электр жүйелері мекемесіне (Саменов Исабек - келісімі бойынша):
Әскери тіркелу жүргізу кезінде қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін электр жүйесімен үздіксіз қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Қалалық білім беру бөлімінің бастығына (Б.Зейдуллаұлы), № 7 кәсіптік-техникалык мектептің директорына (Адыршаев С.А - келісімі бойынша),
Кентау көпсалалы колледж директорына (Әбдірахманов С.Т - келісімі бойынша) қала оқу орындарында оқитын жасөспірімдерді тіркеуден ұйымшылдықпен өткізуге жәрдем жасау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Елді мекен және ауыл әкімдері шақыру учаскелерінде тіркелуге тиісті
жасөспірімдер тізімін 2007 жылдың қаңтарына қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсырсын және кесте бойынша әскерге тіркелу орнына уақтылы келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қалалық қаржы бөлімінің меңгерушісі (Нұржанов Н.А.) 1990 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу үшін қажетті қаржы көздерін қарастырсын.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңының 17-бабының 8-тармақшасына сәйкес, азаматтар әскерге есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылады.
Тармақ 8
8. Қаулы әділет басқармасында тіркеліп, ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын қадағалау қала әкімінің орынбасары Рысбаев Бақытжан Исамуддинұлына жүктелсін.