Қолданыстағы ред. 19.02.2007

2007 жылы Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміндегі шақыру учаскесінде 1990 жылы туған жасөспірімдерді есепке алу туралы от 19.02.2007 г. № 2708 (2007 жылы Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміндегі шақыру учаскесінде 1990 жылы туған жасөспірімдерді есепке алу туралы)

0

Катонқарағай ауданы бойынша 2009 жылы 1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, 1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді уақтылы және сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында,
Катонқарағай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.
Катонқарағай
ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (М.Д. Садықов) (келісім бойынша) мыналар ұсынылсын:

1

1) Заңмен белгіленген мерзімде тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру учаскесінде, сондай-ақ бұрын тізімге алынбағандардың тіркеуін өткізу;

2

2) 1990 жылы туған азаматтарды есепке тіркеу алдында ауданның селолық округ әкімдерімен бір күндік нұсқаулық- әдіскерлік сабақтар өткізу;

3

3) Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 12 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде «ВС», «ВТР», «БАТ» санаттарының жүргізушілерін дайындау үшін кандидаттарды іріктеуді өткізу;

4

4) «Катонқарағай ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге Қазақстан Республикасының әскери-техникалық оқу орындарына кандидаттарды іріктеу комиссиясын құрып, дене шынықтыру дайындығы мен білім деңгейін тексеру.

2

2. Меншік түріне және бағыныстылығына қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, оқу орындарының басшыларына, ер балаларды шақыру қағазында көрсетілген уақытта және қажетті құжаттармен шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

3

3. № 2
Катонқарағай
аудандық медициналық бірлестігінің бас дәрігері (Қ.Т.Толықбаев) (келісім бойынша) 1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру үшін келесі шаралар қабылдау ұсынылсын:

1

1) медицина мекемелеріне жіберілген әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылудан өтуін, сондай-ақ, емделуге мұқтаж болғандардың амбулаториялық емделуін және жатқызып емделуін қамтамасыз ету, олардың денсаулығын түзету бойынша барлық шаралар қолдану;

2

2) 1990 жылы туған әскерге шақырылушыларды 025-IV үлгідегі медициналық картамен қамтамасыз ету;

3

3) дәрігерлер және орта медицина қызметшілері сырқаттанып қалса, олардың орнына мамандығына сәйкес басқа қызметшілерді жіберу.

4

4. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне (Е. Жұмажанов) 1990 жылы туған жасөспірімдерді есепке тіркеу мерзімінде олармен спорт шараларын ұйымдастырсын.

5

5.
Катонқарағай
аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Ш.М. Құнанбаев) (келісім бойынша) есепке тіркеуге жалтарып жүрген азаматтарды іздеп табуды қамтамасыз ету, шақыру учаскелерінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полициядан наряд бөлінуі ұсынылсын.

6

6. Селолық округ әкімдеріне:

1

1) жасөспірімдерді шақыру пунктіне жеткізу үшін селолық округтің маманын және мектептегі алғашқы әскери дайындық бойынша ұйымдастырушы – оқытушысы бөлінсін.

7

7. Аудандық қаржы бөліміне (З.Ш.Ахмерова)
Катонқарағай
ауданы бойынша 1990 жылы туған азаматтарды есепке тұруды ұйымдастыру мен өткізу үшін бюджетпен қарастырылған ақшалай қаржы бөлінсін.

8

8.
Катонқарағай
аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 19 қаңтардағы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген тіркеу нөмірі 5-15-34) аудандық «Жұлдыз» газетінің 2008 жылғы 2 ақпандағы 6 нөмірінде жарияланған аудан әкімінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 757 «Катонқарағай
ауданы бойынша 2008 жылы 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін.

9

9. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

10

10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қайыржан Қабышұлы Сқақовқа жүктелсін.