Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі № 97 «Науырзым аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 304 «Науырзым ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешімін орындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі № 97 «Науырзым аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 304 «Науырзым ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» шешімін орындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 64-1 бабы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 14) тармақшаларына, Науырзым аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 304 «Науырзым ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-45, шешіміне сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің «Науырзым аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 304 «Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін орындау туралы» 2007 жылғы 2 сәуірдегі № 97 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-50, 2007 жылғы 21 сәуірдегі № 11 аудандық «Науырзым» газетінде жарияланды) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 19), 20) тармақшалармен толықтырылсын: «19) «Құрметті донар» белгісімен марапатталған донорларға тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе мөлшерінде әлеуметтік көмек; 20) азық-түлік себеті мөлшерінің көбеюіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататын аз қамтылған азаматтарға 2007 жылдың 4 тоқсанында айына 546 теңге немесе бір жолғы 1638 теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.