Әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 118 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 118 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 64-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына және Аманкелді аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы «Аманкелді ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (Аманкелді ауданы Әділет басқармасында 2007 жылғы 4 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-45 "Аманкелді арайы" аудандық газетінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы 2 нөмірінде жарияланған) № 212 шешіміне сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 118 (Аманкелді ауданы Әділет басқармасындағы 2007 жылғы 26 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-57, «Аманкелді арайы» аудандық газетінің 2007 жылдың 18 мамырдағы 19 нөмірінде жарияланған) қаулысының 1-тармағы төмендегі мәтендегі 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) Азық-түлік себеті мөлшерінің өсуіне байланыста, 2007 жылдың 4-тоқсанына, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатын аз қамтылған азаматтарға (жанұяға) айына 0,5 айлық есептік көрсеткіштің (546 теңге) немесе 1638 теңге бір жолғы әлеуметтік көмек төленсін.».
Тармақ 2
2. Қабылданған шешім туралы Аманкелді ауданының Әділет басқармасына және ол бұдан бұрын жарияланған ресми басылымдарға хабарлансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он кунтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.