Қолданыстағы ред. 12.06.2007

Аманкелді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 119 қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 12.06.2007 г. № 142 (Аманкелді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 119 қаулысына өзгерістер енгізу туралы)

0

Аманкелді ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 20 сәуірдегі № 119 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 44-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" № 171 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде 2007 жылғы 20 сәуірде № 3569 болып тіркелген) қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аманкелді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (Әділет басқармасындағы 2007 жылдың 4 мамырдағы мемлекеттік тіркеудің тізімінде № 9-6-59 болып тіркелген, «Аманкелді арайы» аудандық газетінің 2007 жылғы 18 мамырдағы 19 нөмірінде жарияланған), № 119 қаулысының 2-тармағы «Аманкелді ауданының шақыру комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілуі қамтамасыз етілсін» деген жаңа редакцияда жазылсын және 3-тармақтағы «Е. Дауылбайға» деген сөздер «С. Хайруллинге» деген сөздермен ауыстырылсын.

2

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.