Аманкелді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 119 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аманкелді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 119 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 44-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" № 171 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде 2007 жылғы 20 сәуірде № 3569 болып тіркелген) қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аманкелді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (Әділет басқармасындағы 2007 жылдың 4 мамырдағы мемлекеттік тіркеудің тізімінде № 9-6-59 болып тіркелген, «Аманкелді арайы» аудандық газетінің 2007 жылғы 18 мамырдағы 19 нөмірінде жарияланған), № 119 қаулысының 6-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.