Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 125 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 125 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 125 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-51, 2007 жылғы 2 мамырдағы № 12 аудандық «Науырзым» газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шақырудан кейінге қалдырылуға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.