«Жаңаөзен қаласы бойынша 2007 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2006 жылға 12 желтоқсандағы № 3490 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жаңаөзен қаласы бойынша 2007 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2006 жылға 12 желтоқсандағы № 3490 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Электржүйелері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 52/1 2007 жылдың 07 ақпандағы хатының негізінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-2 Заңының 31-бабы 2- тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жаңаөзен қаласы бойынша 2007 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орнаастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 3490 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11-2-52 санымен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінде 2007 жылдың 5 қаңтарындағы № 6 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Атаулы қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
2007 жылғы «7» 02. № 319 қала әкімдігі қаулысымен бекітілген қосымшаға 2007 жылы халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарына беруші және құрушы шаруышылық мекемелер тізбесі және еңбекақы мөлшері № Мекемелердің атаулары Әлеуметтік жұмыс орын (адам) Жергілікті бюджеттен төленетін еңбекақы мөлшері ең төменгі еңбекақының біреуі (тенге) Жұмыс мерзімі Жұмыс көлемі Барлығы Соның ішінде мүгедектерге 1 2 3 4 5 6 7 «Жанарыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 3 2 5 6 ай Келісіміне сай «Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын 3 2 9752 6 ай Келісіміне сай «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын 3 1 9752 6 ай Келісіміне сай «Өзен жылу» мемлекеттік комуналдық кәсіпорын 3 2 9752 6 ай Келісіміне сай «Өзен көктем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын 3 1 9752 6 ай Келісіміне сай «Электр жүйелері» жауапкершілігі шектеулі серктестік 8 2 9752 6 ай Келісіміне сай Барлығына 20 адам 6 айға- еңбек ақы мөлшері 1170240 теңге 00 тиын.