«2007 жылға арналған Қарасу ауданының аудандық бюджеті туралы» Қарасу аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2007 жылға арналған Қарасу ауданының аудандық бюджеті туралы» Қарасу аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1.«2007 жылға арналған Қарасу ауданының аудандық бюджетi туралы» мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 (2006 жылғы 26 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-22, 2006 жылғы 29 желтоқсандағы «Қарасу өңірі» № 41) шешіміне өзгерістер енгізілсін, бұрын «2007 жылға арналған Қарасу ауданының аудандық бюджетi туралы» мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихатының 2007 жылғы 16 қаңтардағы № 236 шешімімен (2007 жылғы 24 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-24, 2007 жылғы 2 ақпандағы «Қарасу өңірі» № 5), бұрын «2007 жылға арналған Қарасу ауданының аудандық бюджетi туралы» мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихатының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 264 шешімімен (2007 жылғы 8 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-36, 2007 жылғы 25 мамырдағы «Қарасу өңірі» № 19), бұрын «2007 жылға арналған Қарасу ауданының аудандық бюджетi туралы» мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихатының 2007 жылғы 19 шілдедегі № 288 шешімімен (2007 жылғы 27 шілдедегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-43, 2007 жылғы 7 тамыздағы «Қарасу өңірі» № 29) шешіміне өзгерістер енгізілді. Көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 917 533 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша: салықтық түсімдер – 312 651 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 2 317 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсімдер – 9 400 мың теңге; ресми трансферттердің түсімдер – 593 165 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен субвенциясы – 375 277 мың теңге; 2) шығындар – 921 080 мың теңге; 3) операциялық сальдо – 3 547 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы – 3 547 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 3 547 мың теңге. Көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілді: «Қарасу ауданы бойынша салық комитеті» мемлекеттік мекемесінің хатшысы _______________ Ғ. Шоқметов «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы _______________ И. Горлова «Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________ Л. Евсюкова
Басқа 3