Қолданыстағы ред. 23.01.2007

«Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 322 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 23.01.2007 г. № 337 («Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 322 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

0

«Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 322 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармагының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111, 116-баптарына сәйкес, Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 388 шешіміне және «Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджет жобасы туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 130 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 322 қалалық мәслихат шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-68 болып тіркелген, 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 52 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
кірістер - 1463373 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 1234302 мың теңге,
салықтық емес түсімдер бойынша - 3192 мың теңге,
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 135939 мың теңге,
трансферттер түсімдері бойынша - 89940 мың теңге;
шығындар - 1692862 мың тенге;
операциялық сальдо (теріс) - 229489 мың теңге;
қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 20300 оның теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 20300 мың теңге;
бюджет тапшылығы - 249789 мың теңге;
бюджет тапшылығын қаржыландыру - 249789 мың теңге.»;
2) 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Лисаков қаласы әкімдігінің 2007 жылға арналған резерві 29000 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
күтілмеген шығындарға - 28800 мың теңге,
сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға - 200 мың теңге.»;
3) Жоғары аталған шешіммен бекітілген, Лисаков қаласының бюджетін дамытудың бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік инвестициялық жобаларды бағдарламаларды) іске асыруға және 2007 жылға арналған заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлу арқылы тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
4) Жоғары аталған шешіммен бекітілген, 2007 жылға арналған поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. 2007 жылға арналған қала бюджетінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі көзделгені ескерілсін:
мемлекеттік жалпы орта білім мекемелерінің үлгі штаттар ұстауын қамтамасыз етуге 10948 мың теңге сомасында;
мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерінің Интернетке қосуына және трафикті төлеуге 935 мың теңге сомасында;
жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулықтарды және оқ - әдістемелік кешендерін сатып алу және жеткізуге 2298 мың тенге сомасында;
жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттерді құруға 5549 мың теңге сомасында;
жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелеріне физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға 4230 мың теңге сомасында;
жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің кітапхана қорларын жаңарту үшін мемлекеттік тілді оқыту жөнінде оқулық, анықтамалық және электрондық әдебиеттерін сатып алу және жеткізуге 206 мың тенге сомасында;
электрондық үкімет шеңберінде адамның капиталын дамытуға 2910 мың теңге, оның ішінде:
жоғары оқу орындары студенттерінің күшімен бір ай ағымында бюджеттен тыс қызметкерлерді және басқа да санатты азаматтарды компьютерлік сауаттылыққа оқытуға 741 мың теңге сомасында, жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау және мектептерде бюджеттік мекемелер қызметкерлері мен жұмыссыз тұрғындарды:- қомпьютерлік сауаттылыққа оқытуға 2169 мың теңге сомасында;
мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және ымдау тілі мамандарымен, жеке көмекшілерімен қызметтерді ұсынуға 1240 мың теңге, оның ішінде:
арнайы гигиеналық кұралдары - 565 мың теңге,
жеке көмекшілерімен қызметтерді ұсыну - 406 мың теңге,
ымдау тілі мамандарымен қызметтерді ұсыну - 269 мың теңге;
«Лисаков қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілетті шектеу шеңберінде табыстыратын әкімшілік функцияларға 1638 мың теңге сомасында;
қалалық телекоммуникация желісінің абоненттері болатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифін ұлғайтудың өтемақысына 1241 мың теңге сомасында.

3

3. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті

Қалалық мәслихат сессиясының
2007 жылғы 23 қаңтардағы
№ 337 шешіміне
№ 1-қосымша
Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті

5. Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеттін бюджеттік даму бағдарламаларының бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлу арқылы тізбесі

Қалалық мәслихат сессиясының
2007 жылғы 23 қаңтардағы
№ 337 шешіміне
№ 2-қосымша
Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеттін бюджеттік даму бағдарламаларының бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлу арқылы тізбесі

6. 2007 жылға арналған поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі

Қалалық мәслихат сессиясының
2007 жылғы 23 қаңтардағы
№ 337 шешіміне
№ 3-қосымша
2007 жылға арналған поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі