«Сарқан ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Сарқан аудандық Мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы 44-247 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сарқан ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Сарқан аудандық Мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы 44-247 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111 бабының 1 тармағын және 116 бабын басшылыққа ала отырып, Сарқан аудандық Мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Сарқан аудандық Әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылы 04 қаңтарда 2-17-32 нөмірмен тіркелген, Сарқан аудандық Мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «Сарқан ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 44-247 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) Кірістер жолында «1191805» саны «1222142» санына ауыстырылсын. «Трансферттерден түсетін түсімдер» деген жолы бойынша «942298» саны «972635» санына ауыстырылсын. «Ағымдағы нысаналы трансферттер» деген жолы бойынша «192984» саны «203248» санына ауыстырылсын. «Субвенциялар» деген жолы бойынша «626414» саны «646487» санына ауыстырылсын. «Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы» деген жолы «8490» сомасында енгізілсін. 2) Шығындар жолында «1191805» саны «1230632» санына ауыстырылсын. «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету» деген жолы бойынша «103962» саны «105418» санына ауыстырылсын. «Білім беру» деген жолы бойынша «817888» саны «844058» санына ауыстырылсылсын. «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» деген жолы бойынша «77819» саны «78724» санына ауыстырылсын. «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық қеңістік» деген жолы бойынша «25337» саны «35440» санына ауыстырылсын. «Нысаналы трансферттерді қайтару» деген жолы «193» сомасында енгізілсін.
Тармақ 2
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан қолданьюқа енпзіледі.