«Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 166 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 166 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жангелдин ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жангелдин аудандық мәслихатының 2007 жылғы 2 мамырда өткен кезекті он жетінші сессиясы "Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 166 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 196 шешім қабылдады. (Бұған дейін Жангелдин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы өткен он бесінші сессиясы "Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" № 166 шешім (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-50 "Біздің Торғай" газеті, 12 қаңтар 2007 жыл, № 1-2), Жангелдин аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 қаңтарда өткен кезектен тыс сессиясы "Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 166 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 176 шешім (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-51 "Біздің Торғай" газеті, 2 ақпан 2007 жыл, № 5): 1) аталған шешімнің 1-тармағы 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылып, толықтырулар енгізілсін: кірістер - 869 928 мың теңге; түсімдер бойынша - 93 020 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 92 182 мың теңге; салықтан тыс түсімдер - 630 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 208 мың теңге; ағымдағы нысаналы трансферттер - 168 567 мың теңге; нысаналы даму трансферттері - 197 809 мың теңге; субвенция - 410 532 мың теңге; шығындар - 871 601 мың теңге; қаржы активтері мен операциялары бойынша сальдо - 470 мың теңге; 2) аталған шешімнің 1-қосымшасының түсімдер бойынша мына санаттарына өзгерістер енгізілсін: 1) 101201 "Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы" санатының "18760" саны „24749" санымен; 2) 103101 "Әлеуметтік салық" санатының "56835" саны "57554" санымен; 3) 104301 "Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке тұлғалардан алынатын жер салығы" санатының "36" саны "9" санымен; 4) 104402 "Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық" санатының "1400" саны "1750" санымен; 5) 105315 "Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем" санатының "3" саны "1484" санымен; 6) 105402 "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу күкығы үшін алынатын лицензиялық алым" санатының "62" саны "262" санымен; 7) 105403 "Заңды түлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алынатын алым" санатының "58" саны "9" санымен; 8) 104501 "Бірыңғай жер салығы" санатының "161" саны "98" санымен өзгертілсін; 3) шешімнің 1-қосымшасының түсімдер бойынша мына санаты жаңа редакцияда жазылып, толықтырылсын: 1) 105418 "Жылжымайтын мүлікке және олармен мәміле жасау құқығын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым" санатына 200 мың теңге; 2) 206107 "Бұрын жергілікті бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттардың қайтарылуы" санатына 200 мың теңге қаражат қаралып, бекітілсін; 4) мына бағдарламалар жаңа редакцияда жазылып, өзгерістер енгізілсін: 1) "Жангелдин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 122001003 "Жергілікті органдардың аппараттары" бағдарламасының "29281" саны "29616" санымен; 2) 122001009 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" бағдарламасының "2355" саны "3213" санымен ; 3) "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 452011000 "Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау бағалау және сату" бағдарламасының "426" саны "533" санымен; 4) "Жангелдин ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 464009000 "Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасының "7417" саны "7467" санымен; 5) 464003105 "Бастауыш, негізгі және орта мектептер, мектептер-балабақшалар қызметін жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз ету" бағдарламасының "319987" саны "328987 санымен; 6) "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 451005015 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру" бағдарламасының " 19931" саны "19811" санымен; 7) 451002101 "Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және кайта даярлау" бағдарламасының "295" саны "415" санымен; 8) "Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 455001003 "Жергілікті органдардың аппараттары" бағдарламасының "6784" саны "5314" санымен; 9) "Жангелдин ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 462001003 "Жергілікті органдардың аппараттары" бағдарламасының "4592" саны "4252" санымен; 10) "Жангелдин ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 467001009 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" бағдарламасының "753" саны "743" санымен; 11) "Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 458012000 "Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет ету" бағдарламасының "5000" саны "1200" санымен; 12) "Жангелдин ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 467012015 "Сумен жабдықтау жүйесін дамыту" бағдарламасының "977" саны "4777" санымен; 13) "Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 458001008 "Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй жайлары және құрылыстарын күрделі жөндеу" бағдарламасының "17755" саны "0" санымен айырбасталсын; 5) аталған шешімге мына бағдарлама жаңа редакцияда жазылып, толықтыру енгізілсін: 1) "Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 458003000 "Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру" бағдарламасына 17755 мың теңге; 2) "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 452014000 "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту" бағдарламасына 470 мың теңге қаржы бөлінсін; 6) аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3