«Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 166 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 166 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жангелдин ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасының «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бұған дейін Жангелдин аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы өткен он бесінші сессиясы «Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» № 166 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-50 -Біздің Торғай» газеті, 12 қаңтар 2007 жыл, № 1-2), Жангелдин аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 қаңтарда өткен кезектен тыс сессиясы «Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 166 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 176 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-51 «Біздің Торғай» газеті, 2 ақпан 2007 жыл, № 5), Жангелдин аудандық мәслихатының 2007 жылғы 2 мамырда өткен кезекті он жетінші сессиясы «Жангелдин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 166 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 196 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-9-62 «Біздің Торғай» газеті, 25 мамыр 2007 жыл, № 21) шешімдеріне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған шешімнің 1-тармағы 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылып, толықтырулар енгізілсін: 1) кірістер - 1210 547 мың теңге; түсімдер бойынша - 93 020 мың тенге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 92 182 мың теңге; салықтан тыс түсімдер - 570 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер- 268 мың теңге; ағымдағы нысаналы трансферттер - 169 567 мың теңге; нысаналы даму трансферттері - 537 428 мың теңге; субвенция - 410 532 мың теңге. 2) шығындар - 1212 220 мың теңге; аталған шешімнің 1-қосымшасының түсімдер бойынша мына санаттарына өзгерістер енгізілсін: 1) 101202 «Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы» санатының «1290» саны «1319» санымен; 2) 104402 «Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық» санатының «1750» саны «1850» санымен; 3) 105402 «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялык алым» санатының «262» саны «265» санымен; 4) 105414 «Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым» санатының «7» саны «4» санымен; 5) 108102 «Сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше өндірістегі істер бойынша арыздардан (шағымдардан), жүгіну шағымдарынан, атқару парағының көшірмесін беру туралы мәселе бойынша сот анықтамасын жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, сондай-ақ соттың шет ел соттары мен төрелік соттарының шешімдері бойынша атқару парақтарын, құжаттардың көшірмелерін (төлнұсқаларын) бергені үшін алынатын мемлекеттік баж» санатының «154» саны «94» санымен; 6) 108104 «Азаматтық хал актілерін тіркегені, азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркегені туралы қайта куәліктер бергені үшін, сондай-ақ туу, неке, некені бұзу, өлуі туралы актілердің жазбаларын өзгерту, толықтыру, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді бергені үшін алынатын мемлекеттік баж» санатының «114» саны «128» санымен; 7) 108108 «Тұрғылықты жерін тіркегені үшін алынатын мемлекеттік баж» санатының «185» саны «102» санымен; 8) 203102 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу» санатының «120» саны «60» санымен; 9) 301102 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер» санатының «53» саны «35» санымен; 10) 303101 «Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер» санатының «155» саны «233» санымен; мына бағдарламалар жаңа редакцияда жазылып, өзгерістер енгізілсін: 1) «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 122001003 «Жергілікті органдардың аппараттары» бағдарламасының «29616» саны «29762» санымен; 2) 122001009 «Мемлекеттік органдарды материалдық - техникалық жарақтандыру» бағдарламасының «3213» саны «3313» санымен; 3) Ауылдық, селолық әкімнің аппараттарының 123001003 «Жергілікті органдардың аппараттары» бағдарламасының «45357» саны «46231» санымен; 4) 123001007 «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру» бағдарламасының «374» саны «400» санымен; 5) «Жангелдин ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 452011000 Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау бағалау және сату» бағдарламасының «533» саны «620» санымен; 6) «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 451001003 «Жергілікті органдардың аппараттары» бағдарламасының «8158» саны «8012» санымен; 7) 451005015 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру» бағдарламасының «19811» саны «19771» санымен; 8) 451002101 «Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау» бағдарламасының «415» саны «455» санымен; 9) «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 455001003 «Жергілікті органдардың аппараттары» бағдарламасының «5314» саны «4514» санымен; 10) «Жангелдин ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің -67002011 «Білім беру объектілерін дамытуды республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен іске асыру» бағдарламасының «143579» саны «483198» санымен айырбасталсын; аталған шешімге мына бағдарлама жаңа редакцияда жазылып, толықтыру енгізілсін: 1) Ауылдық, селолық әкімнің аппараттарының 123001009 «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру» бағдарламасына 113 мың тенге; 2) «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің - 58004000 «Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету» бағдарламасына 600 мың теңге қаржы бөлінсін; аталған шешімнің 1-қосымшасы (қоса тіркелді) осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3