«2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 188 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 188 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы №188 шешіміне (Қазақстан Республикасының нормативтік кұқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-26- нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 9 қаңтарда «Молшылық үшін» №2 газетінде жарияланған, «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы №188 шешіміне езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 ақпандағы №201 шешімімен, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-28- нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 24 ақпанда «Молшылық үшін», №8 газетінде жарияланған, «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы №188 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2007 жылғы 29 мамырдағы №228 шешімімен, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-33-нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 16 маусымда «Молшылық үшін», №25 газетінде жарияланған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 -тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Созак ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1- қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 2268064 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 1000287 мың теңге; салықтық емес түсімдер- 833 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 4870 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 1262074 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 2301010 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - -32946 мың теңге;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік кредит беру - -2277 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 0; бюджеттік кредиттерді өтеу - 2277 мың теңге;
Тармақша 5
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0: қаржы активтерін сатып алу - 0;
Тармақша 6
6) бюджет дефициті - -30669 мың теңге;
Тармақша 7
7) бюджет дефицитін пайдалану - 30669 мың теңге: бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 30669 мың теңге».;
Тармақша 2
2) аталған шешімнің 1,2,4-қосымшалары осы шешімнің 1,2,3- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.