«Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 304 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
«Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 304 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бюджет Кодексі және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағы 1 тармақшасына сәйкес, Науырзым ауданы әкімдігінің қаулысын қарай отырып, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 304 (мемлекеттік тіркеу 9-16-45, 2007 жылғы 9 қаңтардағы
«Науырзым») шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
1-қосымшаға сәйкес 2007 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 507211 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 87090 мың теңге;
салықтық емес түсімдер -725 мың теңге;
жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем - 400 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 418996 мың теңге, оның ішіңде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 149068 мың теңге;
субвенциялар - 269928 мың теңге;
2) шығындар - 510086 мың теңге;
3) бюджет дефициті - 2875 мың теңге, бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталған қаржы жылының басындағы бос қалдықтарын тарту есебінен жабылатын шыгындардың тапшылығымен - 2875 мың теңге.
Тармақ 2
2. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың тізімі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. 3, 4-қосымшалары өзгеріссіз қалдырылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5