«Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 304 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
«Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 304 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бюджет Кодексі және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Науырзым аудандық әкімдігінің қаулысын қарай отырып, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 304 (мемлекеттік тіркеу 9-16-45, 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 1 «Науырзым»), «Науырзым ауданының 2007 арналған аудандық бюджеті туралы» 2006 жылғы 20 желтоқсандағы мәслихаттың № 304 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2007 жылғы 17 қаңтардағы мәслихаттың № 314 (мемлекеттік тіркеу 9-16-47, 2007 жылғы 13 ақпандағы № 4 «Науырзым») шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
1-косымшаға сәйкес 2007 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 507211 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 87136 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 679 мың теңге;
жер участкелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем - 400 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 418996 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 149068 мың теңге;
субвенциялар - 269928 мың теңге;
2) шығындар - 510086 мың теңге;
3) бюджет дефициті - 2875 мың теңге, бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталған қаржы жылының бос қалдықтарын тарту есебінен жабылатын шығындардың тапшылығымен - 2875 мың теңге.
Тармақ 2
2. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың тізімі 1, 4-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. 2, 3-қосымшалары өзгеріссіз қалдырылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті
Мәслихаттың
2007 жылғы 21 мамырдағы
үшінші шақырылған
кезекті он алтыншы сессиясы
№ 348 шешіміне
1-қосымша
Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті
Басқа 6. Науырзым аудандық ауылдық (селолық) округтарының 2007 жылғы бюджеттік бағдарламаларының тізімі
Мәслихаттың
2007 жылғы 21 мамырдағы
үшінші шақырылған
кезекті он алтыншы сессиясы
№ 348 шешіміне
4-қосымша
Науырзым аудандық ауылдық (селолық) округтарының 2007 жылғы бюджеттік бағдарламаларының тізімі