Аудандық мәслихаттың "2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы" 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 26-239-III шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың «2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы» 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 26-239-ІІІ шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексінің 116 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасынның 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6 бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың «2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/377-III шешімі негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 7 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудан бюджеті туралы» № 26-239-III («Уақыт тынысы» аудандық газетінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 2-3 санында жарияланған Әділет басқармаcында 2006 жылғы 19 желтоқсанда 5-18-36 нөмірімен тіркелген), 2007 жылғы 20 ақпандағы № 27-261-III («Уақыт тынысы» аудандық газетінің 2007 жылғы 3 наурыздағы № 10 санында жарияланған Әділет басқармасында 2007 жылғы 21 ақпанында 5-18-44 нөмірімен тіркелген) және 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 28-276-III («Уақыт тынысы» аудандық газетінің 2007 жылғы 5 мамырдағы № 19 санында жарияланған Әділет басқармасында 2007 жылғы 23 сәуірінде 5-18-45 нөмірімен тіркелген) шешімдеріне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақшасында:
Тармақша 1
1) кірістер - «2 181 429,0 мың теңге» саны «2 233 008,0 мың теңге» санына өзгертілсін; мақсатты ағымдағы трансферттер - «444 415,0 мың теңге» саны «466 022,0 мың теңге» санына өзгертілсін; дамуға мақсатты трансферттер - «113 536,0 мың теңге» саны «143 536,0 мың теңге» санына өзгертілсін;
Тармақша 2
2) шығыстар - «2 182 834,0 мың теңге» саны «2 234 413,0 мың теңге» санына өзгертілсін;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - «1 405,0 мың теңге»;
Тармақша 4
4) бюджет тапшылығы - «1 405,0 мың теңге»;
Тармақша 5
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - «1 405,0 мың теңге».
Тармақ 2
2. 1, 2, 3 қосымшалар жаңа редакцияда берілсін.
Басқа 8. 2007 жылға арналған Үржар ауданы бюджеті
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 23 шілдедегі 30 сессиясының № 30-306-III шешіміне 1 қосымша 2007 жылға арналған Үржар ауданы бюджеті
Басқа 9. 2007 жылға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардын жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген, аудан бюджетінің бюджеттік даму бағдарламаларының ТІЗБЕСІ
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 23 шілдедегі 30 сессиясының № 30-306-ІІІ шешіміне 2 қосымша 2007 жылға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардын жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген, аудан бюджетінің бюджеттік даму бағдарламаларының ТІЗБЕСІ
Басқа 10. 2007 жылға арналған аудан бюджетін орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджет бағдарламаларының ТІЗБЕСІ.
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 23 шілдедегі 30 сессиясының № 30-306-III шешіміне 3 қосымша 2007 жылға арналған аудан бюджетін орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджет бағдарламаларының ТІЗБЕСІ.