Қолданыстағы ред. 13.09.2007

«Қорғалжын ауданында 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2007 жылғы 1 ақпанындағы № 17 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы от 13.09.2007 г. № 101 («Қорғалжын ауданында 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2007 жылғы 1 ақпанындағы № 17 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы)

0

«Қорғалжын ауданында 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2007 жылғы 1 ақпанындағы № 17 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 13 тармақшасы және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңын іске асыру жөніндегі шараларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болатын жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және оларды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету жергілікті атқару органдары қоғамдык жұмысқа деген сұраныс пен ұсынысты анықтау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қорғалжын ауданында 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы», (Қорғалжын аудандық әділет басқармасында 2007 жылдың 8 ақпанында № 1-15-87 тіркелген және 2007 жылдың 15 наурызында «Қорғалжын өңірі» басылымында № 8 (106) санында жарияланған) «2007жылғы 1 ақпанындағы аудан әкімдігінің № 17 қаулысына келесі толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
Осы қаулының 1-ші тармағының 1 тармақшасында ұйымдастырылсын деген сөзден кейін «қосымшаға сәйкес» сөзбен;
1-ші тармақтың 3 тармақшасында «6» деген санын «9» ауыстырылсын.

2

2. Қаулы Қорғалжын аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін әрекетке енгізіледі