"2007 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін, қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорынды бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 114 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
"2007 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін, қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорынды бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 114 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің ұлғаюына байланысты Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2007 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жүмыстардың түрлері мен көлемін, қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорынды бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 114 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-52, № 14 "Науырзым" аудандық газетінде 2007 жылғы 15 мамырда жарияланды) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасына осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4