О проведении учебно-полевых сборов в 2007-2008 учебном году с юношами-учащимися 10 классов средних общеобразовательных школ района Қолданыста
Басқа 0
Ауданның орта жалпы білім беретін мектептерінің 10 сынып жасөспірімдер-оқушылармен 2007-2008 оқу жылында оқу-далалық жиындарын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын орындауда және «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру жэне қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 қаулысы негізінде Қарасу ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Орта жалпы білім беретін мектептерінің 10 сынып жасөспірімдер-оқушылармен бес күндік оқу-далалық жиындары бастапқы әскери даярлау жөніндегі оқу жоспарларына сәйкес 2008 жылғы маусымда өткізілсін.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесе отырып бес күндік оқу-далалық жиындарын өткізу жөніндегі Бағдарламаны және Іс-шаралар жоспарын әзірлесін.
Тармақ 3
3. «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) жұқпалы және басқа да аурулардың таратылуын алдын алатын медициналық іс шараларды және жиындарды өткізу уақытында медициналық қызметкерлерінің тұрақты кезекшілігін қамтамасыз етуі ұсынылсын.
Тармақ 4
4. «Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі жиындарды өткізу уақытында спорттық іс-шаралардың ұйымдастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) оқу-далалық жиындарын өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуі ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Бекеновке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.