Күршім ауданының әскер жасына дейінгі
және әскерге шақырылатын жастардың
2007-2008 оқу жылындағы бастапқы әскери
даярлығы туралы
Бастапқы әскери даярлық, жастардың Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін, мемлекет қорғанысының негіздерін зерделеуі, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің тағайындалуын, олардың аты мен ерекшеліктерін, әскери қызметтің мәнін түсіну үшін, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін жас ұрпақпен сапалы толықтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 24-мамырдағы № 449 қаулысымен бекітілген ережесінің 2-тарауының 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасының « Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8-шілдедегі № 74 Заңының 10-бабының 2-тармағына, 11-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті «мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабы 2-тармағы негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Күршім ауданының әскер жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастардың 2007-2008 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлығы туралы от 20.09.2007 г. № 250 (Күршім ауданының әскер жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастардың 2007-2008 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлығы туралы)
1. Ауданның оқу орындарында бастапқы әскери даярлықты жүргізуді ұйымдастыру мен өткізудің 2007-2008 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Ауданның оқу орындарында бастапқы әскери даярлық, жастардың дене шынықтыруды, медициналық көмекті, әскери-патриоттық тәрбиесін тексеру жөніңде комиссия құрылсын (қосымша).
3. Ауданның оқу орындарында бастапқы әскери даярлық, жастардың дене шынықтыруын, медициналық көмекті, әскери-патриоттық тәрбиесің тексеру кестесі бекітілсін.
4. Қаулының екінші қосымшасымен құрылған тексеру комиссиясының құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
5. «Күршім ауданының әскер жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастарының 2006-2007 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлығы туралы» Күршім ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 1872 қаулысының (Әділет басқармасында 2006 жылдың 6-қарашасында тіркелген, тіркеу № 5-14-38) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары
М.Ж. Қалеловқа жүктелсін.
7. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «20» 09
№ 250 қаулысымен
бекітілді
Күршім ауданы оқу орындарында бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен өткізуді жақсарту жөніндегі 2007-2008 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары
№
Іс-шаралардың атаулары
Орындалу
мерзімі
Жауаптылар
1
Бастапқы әскери даярлық оқытушы- ұйымдастырушылармен 3 күндік оқу әдістемелік жиындарды ұйымдастыру және өткізу.
2008
Тамыз
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі М.Д. Шүрбанов (келісімі бойынша), аудандық білім бөлімі
Ә.Қ. Қосамбеков
2
Оқу-әдістемелік жұмысты жақсарту және бастапқы әскери даярлық, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, медициналық - санитарлық даярлық, әскери - отансүйгіштік тәрбиесі мен дене шынықтыру жөніндегі тақырыптарды үйрену мақсатында бастапқы әскери даярлық оқытушы
ұйымдастырушылармен ай сайын бір күндік әдістемелік сабақтар ұйымдастыру және өткізу.
Ай сайын, айдың 2- сәрсенбісі
Аудандық білім бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісімі бойынша), «Күршім орталық аудандық аурухана», коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Ф.О. Игісінов, «Теректі № 1 аудандық аурухана» (келісімдері бойынша), аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі Қ.Т. Бахтияров
3
Бастапқы әскери даярлықты және оқу - материалдық базасын жетілдіру мәселелері бойынша мектеп мүдірлеріне көмек көрсетуді және бақылауды жүзеге асыру.
Оқу жылы бойында
Аудандық білім бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісімі бойынша)
4
Бастапқы әскери даярлықтың таңдаулы оқу - материалдық базасына, әскери-патриоттық тәрбие мен дене тәрбиесіне байқау өткізу.
Оқу жылы бойында
Білім бөлімі
5
Бес күндік әскери-дала жиыны өту кезінде медициналық мекемелерде қыздардың тәжірибе өтуін ұйымдастыру.
2008 жыл мамыр, маусым
«Күршім аудандық орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, Теректі № 1 аудандық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (келісімдері бойынша), мектеп мүдірлері
6
Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесінің рөлін арттыру. Ол үшін сарбаздар әндерінің байқау-конкурстарын, ерлік сабақтарын әскери қызметшілермен, Ауған соғысы жауынгерлерімен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесулер өткізу.
Жыл бойында тұрақты
Мектеп мүдірлері
7
Аудандық бастапқы әскери даярлық жөніндегі штаттан тыс әдістемелік кеңестердің отырысын өткізу.
Тоқсанына бір рет
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісімі бойынша) аудандық білім бөлімі
8
Бастапқы әскери даярлықты жүргізудің оң тәжірибесін қорытындылау және тарату.
2008 жыл сәуір - мамыр
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісімі бойынша) аудандық білім бөлімі
9
Қорғаныс жұмысының айлығын өткізу.
2008 жыл 7.04-17.05
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісімі бойынша) аудандық білім бөлімі
10
Әскери бөлімдер базасында әскери техниканы, қару көрсетумен және әскери қызметшілердің өмірі мен тұрмысын таныстырумен бірге «Әскерге шақырылатындар күнін» ұйымдастыру және өткізу.
2008 жыл сәуір, мамыр
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісімі бойынша) аудандық білім бөлімі
11
Сарыөлең орта мектебі жанында 10-сынып оқушыларымен, кәсіби - техникалық мектептерінің оқу бітіретін курстарымен далалық оқу жиынын ұйымдастыру мен өткізу.
2008 жыл мамыр, маусым
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісімі бойынша) аудандық білім бөлімі
12
Әрбір оқу орнында, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде бастапқы әскери дайындық, азаматтық қорғаныс, тіршілік қауіпсіздігі қызметі жөніндегі басшылық және анықтамалық құжаттардың, есеп жүргізу және есеп беру құжаттарының бар болуы. Бастапқы әскери даярлық, азаматтық қорғаныс, тіршілік қауіпсіздігі кызметі жөніндегі көкейкесті қазіргі заманғы көрнекі үгітті безендіру.
тұрақты
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісімі бойынша) аудандық білім бөлімі
13
Аудан мектептеріндегі бастапқы әскери даярлықты жүргізудің, жастардың бойындағы әскери - патриоттық тәрбиесінің және дене шынықтырудың жағдайын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау.
Оқу жылы бойында
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісімі бойынша) аудандық білім бөлімі
14
Өткен 2007-2008 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлықты қорытындылау. Өткен оқу жылында бастапқы әскери даярлықтың жағдайы туралы жоғары тұрған орындарға қорытынды баяндаманы ұсыну
2008 жыл маусым
Аудандық білім бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісімі бойынша)
Аудан әкімінің аппарат басшысы
Қ. Әзімбаев
Күршім ауданы әкімдігінін
2007 жылғы «20» 09
№ 250 қаулысымен
бекітілді
Ауданның оқу орындарында жастардың бастапқы әскери дайындығының, әскери-патриоттық тәрбиесінің жағдайын тексеру
КЕСТЕСІ
Аудан әкімінің аппарат басшысы
Қ. Әзімбаев