К. Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерін 2007-2008 оқу жылында тамаққа төлейтін төлемақыдан жеңілдікпен босату туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
К.Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерін 2007-2008 оқу жылында тамаққа төлейтін төлемақыдан жеңілдікпен босату туралы Қазақтстан Республиксының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңның 6 бабының 4 тармағының 14 тармақшасына және Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңның 6 бабының 4 тармағының 14 тармақшасына сәйкес аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. К. Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернатта тұратын балалардың ішетін тамақтарына ақы төлеу мөлшері комиссия шешіміне сәйкес жүргізілсін (тізім қоса тіркеледі).
Тармақ 2
2. Бір балаға орташа бір тәулік шығыны нақты тамақ ішетін күніне қарай босатылсын.
Тармақ 3
3. 2007 жылдың 13 ақпанындағы мемлекеттік тіркеу № 5-6-47, № 1380 Аягөз ауданы әкімиятының “К. Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерін 2006-2007 оқу жылында тамаққа төлейтін төлемақыдан жеңілдікпен босату туралы” қаулының («Аягөз жаңалықтары» газеті № 10 (5801 23.02.2007) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Әзімбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. К. Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернатта тұратын балалардың ішетін тамақтарына ақы төлеу мөлшері.
Аягөз аудандық әкімдігінің “21 ” 09. 2007 жылғы № 347 қаулысына қосымша К. Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернатта тұратын балалардың ішетін тамақтарына ақы төлеу мөлшері.