Об утверждении норм расхода тепловой энергии на один квадратный метр общей площади жилого здания на отопительный сезон 2007-2008 годов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007-2008 жылдардағы жағып жылыту кезеңіне тұрғын үй ғимараты жалпы алаңының бір шаршы метрге шаққандағы жылу энергиясының жұмсалу нормасын бекіту туралы «Электр қуаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрлігінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген жылу энергиясын пайдалану Ережесінің 67 тармағына сәйкес, жылу энергиясын жеткізушілерінен тұрғын үй ғимараты жалпы алаңының шаршы метрге шаққандағы жылу энергиясының жұмсалу нормасының есебіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Тайынша Жылу» шаруашылығын жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша 2007-2008 жылдардағы жағып жылыту кезеңіне тұрғын үй ғимараты жалпы алаңының бір шаршы метрге шакқандағы жылу энергиясының жұмсалу нормасы жылына 0,193 геккокалорий мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Тайынша» шаруашылығын жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша 2007-2008 жылдардағы жағып жылыту кезеңіне тұрғын үй ғимараты жалпы алаңының бір шаршы метрге шаққандағы жылу энергиясының жұмсалу нормасы жылына 0,305 геккокалорий мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Көк сеңгір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша 2007- 2008 жылдардағы жағып жылыту кезеңіне тұрғын үй ғимараты жалпы алаңының бір шаршы метрге шаққандағы жылу энергиясының жұмсалу нормасы жылына 0,36 геккокалорий мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің осы қаулысы он кунтізбелік күн өткеннен кейін алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.