О внесении изменения в Закон Республики Казахстан "О гарантированном трансферте из Национального фонда Республики Казахстан на 2007-2009 годы" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы
Бап 1
1-бап . "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2006 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 19-20, 120-құжат; 2008 ж., N 8-9, 29-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2009 жыл - 843 100 000 мың теңге.".
Бап 2
2-бап . Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.