2007 жылғы 21 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗ2007 жылғы 21 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-3
- Қабылданған күні
- 25.02.2008
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2008 · қолданыстағы 38058_374221.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VO000035
- ЭКБ идентификаторы
- 38058
- Редакция идентификаторы
- 38058_374221
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:57
0 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 116 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңын іске асыру туралы» № 1223 қаулысына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2007 жылғы 23 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
1 1) 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2008 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1 1) кірістер - 1704015 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 329570 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 400 мың теңге;
негізігі капиталды сатудан түсетін түсімдер -6515 мың теңге;
трансферттік түсімдер - 1367530 мың теңге;
2 2) шығыстар - 1749109 мың теңге;
3 3) бюджет тапшылығы (профициті) - 45094 мың теңге;
4 4) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 45094 мың теңге».
2 2) 6 тармақ төмендегідей 6-1,6-2 тармақшаларымен толықтырылсын:
6.1 «6.1. Аудандық бюджетте республикалық бюджеттен мынадай көлемде ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылсын:
2539 мың теңге – жаңадан енгізілген білім беру объектілерін қаржыландыруға;
33628 мың теңге - 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, соның ішінде;
28087 мың теңге - бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мемлекетгік мекемелерінің физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға;
5541 мың теңге - бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер құруға:
12719 мың теңге - Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және өмір сүру минимумы көлемінің өсуіне байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге, соның ішінде:
9289 мың теңге - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беруге;
3330 мың теңге - нашар қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы төлеуге;
6.2 6.2. Аудандық бюджетте дамытуға республикалық бюджеттен мынадай көлемде ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылсын:
8389 мың теңге - электрондық Үкімет шеңберінде адамның капиталын дамытуға;
601 мың теңге - мемлекеттік қызметкерлерді компьютерлік сауаттылыққа үйретуге;
3 3) Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес 1 қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі.
12 Көкпекті аудандық мәслихатының
2008 жылғы 25 ақпандағы
№ 4-3 шешіміне 1 қосымша