«Меңдіқара аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 «2008 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 25 ақпандағы № 56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Меңдіқара аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 «2008 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 25 ақпандағы № 56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, халықтың ең осал жіктерін әлеуметтік қорғау мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Меңдіқара аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 «2008 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 25 ақпандағы № 56 қаулысына («Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 15 жарияланған, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-76) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: 5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «5) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек- балаларға әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап, ай сайын оқу кезінде айлық есептік көрсеткіштің алты есе көлемінде».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.