Қолданыстағы ред. 25.02.2008

Мендіқара аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 «2008 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы от 25.02.2008 г. № 56 (Мендіқара аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 «2008 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы)

0

Мендіқара аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 «2008 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 53- бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 64-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына Мендіқара аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 «2008 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-71) сәйкес және «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:

1

1) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде;

2

2) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есеіптік көрсеткіштің он есе көлемінде;

3

3) қайтыс болған 1996 жылғы 1 қаңтардан кейін «Алтын Қыран», «Отан», «Даңқ» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы» атағыңа ие болған Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына, Меңдіқара ауданының құрметті азаматтары атақтарына ие болған тұлғаларды жерлеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі- наградталған қайтыс болған тұлғаларды жерлеуге әлеуметтік көмек) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз есе көлемінде;

4

4) амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулезбең ауыратын азаматтарға біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмек тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес есе көлемінде;

5

5) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға әлеуметтік өтініш көмек берген айдан бастап, ай сайын оқу кезінде айлык есептік көрсеткіштің төрт есе көлемінде;

6

6) жеке қосалқы шаруашылығын сатып алумен байланысты шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек, оның нақты құны көлемінде, кұсты сатып алуға - тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш есе көлемінен көп емес және ауыл шаруашылығы малы мен жем-шөбін сатып алуға тиісті жылға республикалык бюджет туралы заңмен белгіленген айлык есептік көрсеткіштің он есе көлемінен көп емес;

7

7) Қазақстанның жоғары және орта арнаулы оку орындарында оқуды төлеу үшін орта жалпы білім беру ұйымдары түлектерінің ішінен жетімдерге мүгедектерге, оралмандарға, жан басына шаққандағы орташа табыс белгіленген кедейлік сызығынан төмен отбасы мүшелеріне және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссияның шешімі бойынша ауданның еңбек рыногында талап етілетін кәсіптерге окитын тұлғаларға әлеуметтік көмек жоғары немесе орта арнаулы оқу орнымен шартта көзделген сомасы көлемінде беріледі.

8

8) мұктаж отбасыларға, жекелеген азаматтарға, сондай-ак мерекелі және мерейтой күндеріне (Жеңіс күні, Қарттар күні, Мүгедектер күні, Балаларды корғау күні, Халықаралық әйелдер күні және тағы баскалар) азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын 500 теңге сомасында монша-шаштараз қызметтеріне, біржолғы 19000 тенге сомасында көмір мен отынды сатып алуға, ай сайын 500 теңге сомасында жүрісті төлеу үшін, аз қамтылған азаматтарға біржолғы Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне 234 теңге сомасында және құжаттама үшін фотосуретке 300 теңге сомасында материалдык көмектің мөлшерлері белгіленсін;

9

9) Жітіқара өңірлік оңалту орталығына Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің және мүгедектердің жүрісін төлеу жөніндегі материалдық көмек.

2

2. Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды, қайтыс болган жұмыссыздарды және қайтыс болған наградталған тұлғаларды жерлеуге әлеуметтік көмекке өтініш жасау құқығы қайтыс болған күнінен бастап 6 ай бойы сақталады.

3

3. Біржолғы әлеуметтік көмек ақшалай, сонымен қатар заттай түрде беріледі. Мұқтаж отбасыларға, жекелеген азаматтарға, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттарына Халықаралык әйелдер күнін, Жеңіс күнің, Қарттар күнін, Мүгедектер күнін, Балаларды қорғау күнін және басқа да мерекелі және мерейтой күндерін тойлауға байланысты біржолғы әлеуметтік көмектін көлемі әр нақты жағдайда әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі аудандық комиссиямен (бұдан әрі-Комиссия) белгіленеді. Комиссия нысаналы әлеуметтік көмекті тағайындай алады (киім, дәрі, отың және басқасы).

4

4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі:

1

1) әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтініш оны алуға құқығы бар тұлға, әлеуметтік көмек түріне байланысты тиісті құжаттарды қоса. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне береді;

2

2) әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттарды қарау құжаттарды тапсыру күнінен бастап он күн мерзімінде жүзеге асырылады;

3

3) әлеуметтік көмекті тағайындауда бас тартқан жағдайда уәкілетті орган немесе Комиссия бұл туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлауға міндетті;

4

4) өтініш беруші заңнамаға сәйкес өтініште және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтылы мен нақтылығына жауапкершілікті алады;

5

5) уәкілетті органның немесе Комиссияның шешімі сот тәртібінде өтініш берушімен шағымдалуы мүмкін;

6

6) әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар:
тұпнұсқаларда және салыстыру үшін көшірмелерде тапсырылады, одан кейін құжаттардың тұпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, талап етілетін құжаттардың бірінің жоқтығы әлеуметтік көмекті тағайындауда бас тартуға әкеледі.

5

5. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау үшін кажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.

6

6. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі-Уәкілетті орган) болып белгіленсін.

7

7. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұктаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.

8

8. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К. Киікбаевқа жүктелсін.

9

9. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

25. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың ТІЗБЕСІ

Әкімдіктін
2008 жылғы 25 ақпандағы
№ 56 қаулысына қосымша
Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың ТІЗБЕСІ

1. 1. Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек

1. Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек

1

1. Кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек еңбекке жарамды әкесі (ұл (қыз) асырап алушысы) баланың қайтыс болған күніне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда, бала ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкіліне тағайындалады.

2

2. Кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті алуға растаушы құжаттар болып табылады:

1

1) өтініш;

2

2) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;

3

3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

4

4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан әкесінің (ұл (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының, қамқоршысының) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;

5

5) ата-анасының, ұл (кыз) асырап алушысының, корғаншысының, қамқоршысының тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
осыдан басқа:
ұл (қыз) асырап алушы баланы ұл (қыз) асырап алу туралы тапсырады;
қорғаншылар (қамқоршылар) қорғаншы (қамқоршы) куәлігін немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдарының балаға корғаншы (қамқоршы) қылып тағайындау туралы шешімін тапсырады;

6

6) қайтыс болған бала анасының тұлғасын куәландыратын құжаттын көшірмесі;

7

7) мүгедектер үшін - мүгедектік тобын белгілеу туралы медициналық әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасының көшірмесі.

8

8) зейнеткерлер үшін - зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі.

2. 2. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек

2. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек

1

1. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек олар қайтыс болған сәтіне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелсе тағайындалады.

2

2. Әлеуметтік көмек қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді нақты жүзеге асыратын тұлғаларға төленеді.

3

3. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмекті алуға құқықты растайтын құжаттар болып табылады:

1

1) өтініш;

2

2) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;

3

3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан қайтыс болған жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын анықтама;

4

4) қайтыс болған жұмыссыздың тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5

5) әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар тұлғаның тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
осыдан басқа:
егер жерлеу отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, өтініш беруші туыстық қарым-қатынас фактісін растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады;
егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен емес жүзеге асырылса, өтініш беруші салт қызметінен құжаттың көшірмесін немесе жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын село, селолык округі әкмі аппаратынан анықтаманы тапсырады.

3. 3. Қайтыс болған наградталған тұлғаларды жерлеуге әлеуметтік көмек

3. Қайтыс болған наградталған тұлғаларды жерлеуге әлеуметтік көмек

1

1. Әлеуметтік көмек қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді нақты жүзеге асыратын тұүлғаларға төленеді.

2

2. Қайтыс болған наградталған тұлғаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті алуға құқыкты растайтын құжаттар болып табылады:

1

1) өтініш;

2

2) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;

3

3) «Алтын Қыран», «Отан», «Даңқ» ордендерімен наградталған кайтыс болған тұлғаға-наградтауды растайтын құжаттын көшірмесі;

4

4) «Халык қаһарманы» атағына ие болған қайтыс болған тұлғаларға атақты алуын растайтын құжаттың көшірмесі;

5

5) Қазақстан Республикасының құрметті атактарына ие болған кайтыс болған тұлғаларға - құрметті атақты беруді растайтын құжаттың көшірмесі;

6

6) Меңдіқара ауданының кайтыс болған еңбек сіңірген (құрметті) азаматтарына - атақты беруді растайтын құжаттың көшірмесі;

7

7) туыстық қарым-қатыңасты растайтын құжаттын көшірмесі;

8

8) әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғанын тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі, егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, салт кызметінен құжаттын көшірмесі немесе жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын село, селолық округі әкімі аппаратынан анықтаманы тапсырады.

4. 4. Амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтарға біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмек

4. Амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтарға біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмек

1

1. Амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамактануға туберкулезбен ауыратын азаматтардың біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмекке құқығы бар, кәмелетке толмаған ауырған жағдайда ата-анасының, ұл (кыз) асырап алушының, қорғаншының, қамқоршының біреуі құқыққа ие.

2

2. Амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтарға біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмекті алуға құқығын растайтын құжаттар болып табылады:

1

1) өтініш;

2

2) қосымша тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсетуге аудандық туберкулезге қарсы аурухананың колдаухаты. Қолдаухатта құжатқа қол қоятын лауазымды тұлғаның толық атауы көрсетіледі. Жауапты тұлғаның колы елтаңбалы мөрмен куәландыруы қажет;

3

3) өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

5. 5. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек

5. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек

1

1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балалары бар ата-ананың, (ұл (қыз) асырап алушысы), қорғаншының (камқоршының), өзге де заңды өкілдерінің біреуінің әлеуметтік көмекке құқығы бар.

2

2. Әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлға (бұдан әрі - Өтініш беруші) өтініш береді және әлеуметтік көмекке құқықты растайтын құжаттарды тапсырады.

3

3. Өтініш беруші алғашқы рет өтініш жасағанда мынадай құжаттарды тапсырады:

1

1) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін (16-жасқа дейінгі мүгедек-балалар үшін), тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесін (16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар үшін);

2

2) тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтаманы;

3

3) білім департаментінің жанындағы облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген үйде мүгедек- баланы тәрбиелеу және оқыту қажеттілігі туралы анықтаманың көшірмесін;

4

4) мүгедек-баланың ата-анасының, ұл (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының (қамқоршысының), өзге де заңды өкілінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

5

5) ұл (қыз) асырап алушы, қорғаншы (қамқоршы) мәртебесі барын растайтын құжаттың көшірмесін;

6

6) медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы анықтамасының көшірмесін;

7

7) мектеп директоры қол қойған және мөрімен куәландырылған үйде мүгедек-баланы тәрбиелеу және оқыту фактісін растайтын анықтаманы.

4

4. Тиісті оқу жылы бойына келесі өтініштерде Өтініш беруші Уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:

1

1) тұрғылыкты жерінен отбасы жағдайы туралы аныктаманы;

2

2) мектеп директоры кол койған және мөрімен куәландырылған үйде мүгедек-баланы тәрбиелеу және оқыту фактісін растайтын анықтаманы.

6. 6. Жеке қосалқы шаруашылығын және жеке қосалқы шаруашылығы үшін жем-шөпті сатып алумен байланысты шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек

6. Жеке қосалқы шаруашылығын және жеке қосалқы шаруашылығы үшін жем-шөпті сатып алумен байланысты шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек

1

1. Әлеуметтік көмек жеке қосалкы шаруашылығын және жеке қосалқы шаруашылығы үшін жем-шөпті сатып алумен байланысты шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек біржолғы, жылында бір рет және жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік сызығынан аспаса отбасы мүшесінің біреуіне ғана көрсетіледі.

2

2. Жеке қосалқы шаруашылығын және жеке қосалқы шаруашылығы үшін жем-шөпті сатып алумен байланысты шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмекті алу құқығын растайтын құжаттар болып табылады:

1

1) өтініш;

2

2) өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттын көшірмесі;

3

3) отбасы құрамы туралы анықтама;

4

4) жұмыс істейтіндер-белгіленген нысандағы жалақы көлемі туралы анықтаманы тапсырады;
жұмыссыздар-азаматты жұмыссыз деп тану туралы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан анықтаманы;

5

5) жеке қосалқы шаруашылығын сатып алумен байланысты қамтылған азаматтардың шығындарын өтеу бойынша қаражатты туралы селолық округі әкімінің қолдаухаты;

6

6) сауда-саттық шарты, оның ішінде жеке тұлғалармен немесе селолық округтер әкімдерімен куәландырылған;

7

7) жеке қосалқы шаруашылығын сатып алуын растайтын құжат (шот, жөнелтпе құжат, қолхат);

8

8) жем-шөп сатып алатын тұлғаларға-малдың немесе құстың барын растайтын селолық округі әкімінің анықтамасы.

7. 7. Қазақстанның жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқуды төлеу үшін орта жалпы білім беру ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмек

7. Қазақстанның жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқуды төлеу үшін орта жалпы білім беру ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмек

1

1. Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға «Мендіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды тапсырады:

1

1) өтініш;

2

2) өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3

3) отбасы жағдайы туралы анықтаманы;

4

4) аз қамтылған азаматтар үшін-отбасы мүшелерінің табысын барын немесе жоғын растайтын құжаттарды;

5

5) оқу орнынан анықтаманы;

б

б) жоғары немесе орта-арнаулы кәсіптік біліммен маманды даярлау туралы оқу орнымен шартты және берілетін жеңілдіктер туралы оқу-орнының бұйрығын.

8. 8. Біржолғы әлеуметтік көмек

8. Біржолғы әлеуметтік көмек

1

1. Біржолғы әлеуметтік көмек құқығына оралман мәртебесі бар тұлғалар, аз қамтылған отбасылар және жан басына шаққандағы ораташа табыс белгіленген кедейлік сызығынан төмен немесе белгілі жағдайларда әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтар, сондай-ақ Халықаралык әйелдер күнін, Жеңіс күнін, Қарттар күнін, Мүгедектер күнін, Балаларды корғау күніне.

2

2. Біржолғы әлеуметтік көмектің көлемі азаматтың өтініші және Боровской селосы немесе селолық округі әкімі жанындағы комиссиясының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ауырған жағдайда-емдеу мекемелерінің қолдаухаты пен анықтамалары, өзге де жағдайларда-аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, аудандық мүгедектер қоғамының, «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдаухаттары негізінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссиямең белгіленеді.

3

3. Мерекелі және мерейтой күндеріне әлеуметтік қолдауға құқығы бар азаматтар санаттарының мынадай тізбесі белгіленсін:

1

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жесерлері, екінші әлемдік соғысы кезінде құрылған концлагерлер, гетто және баска да мәжбүрлік ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмағандар тұтқындары;

2

2) төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналар;

3

3) еңбек ардагерлері, тыл еңбекшілері;

4

4) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;

5

5) 16-жаска дейінгі мүгедек-балалар;

6

6) жалғызбасты зейнеткерлер.

4

4. Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға «Меңдікара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды тапсырады:

1

1) әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінішті;

2

2) Боровской селосы немесе селолық округі әкімінің учаскелік комиссиясы қол қойған Өтініш берушінін материалдык-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін;

3

3) белгіленген кедейлік сызығынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтылған отбасылар мен азаматтар-тұлғаның, отбасының табыс деңгейін растайтын құжаттарды:

4

4) оралмандар-оралманның тұлғасын және мәртебесін куәландыратын құжаттарды, Боровской селосы немесе селолық округі әкімінің қолдаухатын;

5

5) ауру жағдайында-емдеу орындарының колдаухаты мен анықтамаларын.
Біржолғы әлеуметтік көмек аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, аудандық мүгедектер қоғамының, «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдаухаттары негізінде әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі аудандық комиссиямен тағайындалады.

9. 9. Жітіқара өңірлік оңалту орталығына Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің және мүгедектердің жүрісің төлеу жөніндегі материалдық көмек.

9. Жітіқара өңірлік оңалту орталығына Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің және мүгедектердің жүрісің төлеу жөніндегі материалдық көмек.

1

1. Жітіқара өңірлік оңалту орталығында оңалту курсынан өткен тұлғалардың материалдық көмекке құқығы бар.

2

2. Материалдық көмекті алуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды тапсырады:

1

1) өтінішті;

2

2) жеке куәліктің көшірмесін;

3

3) Жітіқара өңірлік оңалту орталығына жүрісті растайтын құжаттарды;

4

4) СТН көшірмесін;

5

5) шоттың көшірмесін.

10. 10. Қорытынды ережелер

10. Қорытынды ережелер

1

1. Уәкілетті орган және әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі аудандық комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу дұрыстығына жаупкершілікті алады.

2

2. Біле тұра жалған мәліметтер тапсырған немесе әлеуметтік көмек алу, құқығына және оның көлемдеріне әсер ететін өзгерістер туралы уақытында хабар бермеген азаматтар әлеуметтік көмек алу құқығынан үш айға дейінгі кезеңге айырылады.

3

3. Әлеуметтік көмек алуға ақылы қоғамдык жұмыстарға қатысудан, ұсынылған жұмыстан бас тартқан, оны белсенді іздеумен айналыспайтын жұмыссыздардың құқығы жоқ.

4

4. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.